“Бозарық” қосалқы станциясы іске қосылады

4-7-696x392.jpg

Қаладағы “Бозарық” қосалқы станциясы қайта жанданатын болды. Құрылыс жұмыстарына қала бюджетінен 50 миллион теңге бөлінген. Станцияның құрылысы аяқталса, “Астана1” және “Астана 2” қосалқы станцияларын іске қосуға болады. Нәтижесінде тұтынушыларға берілетін жарықтың сапасы жақсарады. “Астана 1” және 2 қосалқы қос станцияға орнатылған қондырғылардың бәрі заман талабына сай. Қуатылығы 110 МВ станция Шымкент сити, Тұран, озарық шағын ауданы тұрғындарын жарықпен толық қамтуға қауқарлы. Әлеуметік нысандарды айтпағанда әр станция 2 мыңнан астам тұтынушыға сапалы электір энергиясын жеткізе алады. Бозарық станциясы аяқталмаса өзге станциялар жұмыс жасай алмайды. Қуатылығы 110 МВ алты станция энергияны сол “Бозарық” станциясынан алады. Құны 6,6 миллиард теңгені құрайтын нысанды толық аяқтау үшін қосымша және 1 миллиард теңгеге жуық қаражат қажет болады дейді сала мамандары. Қала әкімі тұрғындарды сапалы жарықпен қамту мақсатында жұмысты жылдамдатуға тапсырма берді. Қажетті қаржы уақтылы бөлінген жағдайда жұмыс жыл соңына дейін аяқталуы мүмкін.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер