Әкімдіктің жұмысына баға берілді

logo.png    

Шымкент қаласында «Біздің жұмысымызды бағалаңыз» акциясы ұйымдастырылды. Осылайша, ел аумағындағы үшінші мегаполистің әкімдігі әрбір сала жұмысындағы ең өзекті мәселелерді анықтауды қолға алды. Сауалнама қорытындысы бойынша, жол картасы, яғни, азаматтардың өтініштері бойынша түйткілді мәселелерді шешуге бағытталған әкімдік әрекетінің жоспары дайындалмақ. Сауалнама нәтижесі бойынша, шағымның басым көпшілігі қоғамдық көліктің жұмысы мен автожолдардың сапасына қатысты болған. Оған қатысты 2074 азамат пікір білдіріпті. Азаматтар жолаушылар көлігінің жетіспеушілігін, қызмет көрсету сапасының төмендігін айтып шағымданған. Тағы бір өзекті мәселе ретінде, жол қалташалары мен павильондардың аздығы сынға алынған. Тұрғындар сонымен қатар, назардан тыс қалып қойған кейбір қала көшелеріне қиыршық тас немесе асфальт төсеуді сұрады. Айта кетейік, сауалнама барысында барлығы 10 мыңға жуық шағым қабылданған.

Сауалнама оффлайн режимде де, онлайн жүйесінде де жүргізілді. Акцияның мерзімі 4 тамызға дейін, яғни, шектеулі болса да, азаматтардың сауалдары мен шағымдарын қабылдау мұнан әрі де әкімдіктің әлеуметтік желілерінде жалғасын табады.

 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер