Шымкентте тұңғыш рет «NeоNomad» тақырыбында іскерлік ойын өтті. Оған еліміздің ауыл шаруашылығы вице-министрі Арман Евниев төрағалық етті. Ұйымдастырушылар іскерлік ойынның мақсаты — Агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жобалық басқару дейді. Мамандардың пікірінше, бұл ойындар Түркістан облысы мен Шымкент қаласындағы ауыл шаруашылық өндірістік кооперативі саласын дамытуға үлкен септігін тигізеді. Қатысушы командалар ет бағытындағы жобаларын қорғады. Алдағы уақытта іскерлік ойындар қарқынды бау, егін шаруашылығы бойынша өткізіледі. Күн ұзаққа жалғасатын іскерлер шарасының жеңімпазына тиісті министрліктің сертификаты мен ангус бұқасы сыйға тартылды.
Жалпы Аграрлық-өнеркәсіптік кешенін дамытудың мемлекеттік бағдарламасы Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауларында жүктелген стратегиялық міндеттерді, бірінші кезекте Аграрлық-өнеркәсіптік кешеніндегі еңбек өнімділігін және өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын кем дегенде 2,5 есеге ұлғайту міндетін іске асыруға бағытталған. Бұл бағытта үшінші мегаполисте ауқымды істер атқарылып келеді.