Американың сырғанағы Шымкентте де бар

696x508.jpg

Бүгінде Шымқалада демалыс орындары көп. Әсіресе отбасымен бірге барып демалуға лайықты орталықтар көбейіп келеді. Біраз уақыт жөндеу жұмыстары жүргізілген «Кең баба» саябағы демалушыларға есігін айқара ашып отыр. Мұнда балаларға арналған атракционның алуан түрі бар.

Жаңартылған «Кең баба» саябағы — отбасымен бірге уақытты өткізуге арналған тамаша орындардың бірі. Саябақтың аумағы отбасылық, балалар және экстремалды аймаққа бөлінеді. Келушілер қалауынша үш аймақта демалысын көңілді өткізуіне мүмкіндігі бар. Бұдан бөлек, жаңа аттрактиондар қойылды.

«Катапульта», «Америкалық сырғанақ» және балалар қалашығы бүгінде демалушылардың сүйікті орнына айналып үлгерді. Сондай-ақ, бес қабатты лабиринт, ата-аналар мен балаларға арналған ойын аумағы және отбасылық «Аққулар мен Пілдер» әткеншектері орналасқан.

   Айта кетейік, «Кең баба» саябағы қаладағы көп жылдық тарихы бар демалыс орындарының бірі. Саябақ әсіресе бүлдіршіндерге жайлы. Қалада жаңарған саябақтардан өзге жаңа парктер де көптеп ашылуда. Мәселен «Жайлаукөл» паркі мен Бекет батыр көшесіндегі арбат.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер