Еңбек адамды өрге сүйрейді

image.png

Президент  өз  Жолдауында «Қоғамда патерналистік көңілкүй және әлеуметтік масылдық үрдісі белең алуда. Ел ішінде әлеуметтік бағдарламаларды әдейі жеке мүддесіне пайдаланатын азаматтар аз емес. Мұндай адамдар кезкелген өркениетті елдегі сияқты заңның және бүкіл қоғамның алдында жауап беруі керек. Осындай жағдайлар «мемлекеттен ала берсем» деген көзқарас қалыптастырды. Ал көмекке шынымен мұқтаж жандар, өкінішке қарай, әлеуметтік қолдау шараларынан тыс қалып жатыр. Әрине, біздің еліміздің мүмкіндіктері зор, бірақ оның да шегі бар», – деп  патерналистік көңіл-күй мен әлеуметтік масылдық жөнінде сөз қозғаған болатын.  Ия, патерналистік көңіл-күй қашанда қоғамның дамуына қауіпті фактор. Себебі жалқау, масыл адамдар мемлекетке не берем емес не алсам екен деп өмір сүреді. Жалқаулық, масылдық, жұмыссыздықпен күрес еліміздің басты міндеттерінің бірі. Жүйелі жұмыстар мен мемлекеттік түрлі бағдарламалар тұрғындарды масылдықтан арылуға септігін тигізуде. Елімізде  мемлекеттің мойынан жүк болмай, керісінше елге, халыққа және өзіне де пайдасын тигізіп, адал еңбегімен өзгелерге үлгі болып жүрген жандар жетердік. Солардың бірі шымкенттік Нұрсұлтан Сахы. Жас та болса қолынан іс келетін азамат өзінің еңбекқорлығының арқасында бүгінде табысты кәсіпкерге айналып отыр. 

Кәсіпкерлік саласында 4 жылдан бері табысты еңбек етіп келе жатқан Нұрсұлтан ағаш бұйымдарын лазерлік кесу және өрнектеу арқылы өз кәсібін дамытып келеді. Ағаш ұстасы атадан қалған кәсіп саналады. Дегенмен Нүрсұлтанның шеберлігі өзгеше. Ол бүгінгі заманға сай бұйымдарға ерекше дизай жасап,  соңғы үлгідегі техникаларды пайдаланады. Оның қолынан шыққан бұйымдар  ұлттық нақыш пен заманауи технологияның үйлесімі.  Іскерлік пен еңбекқорлықтың жарқын үлгісін көрсетіп жүрген кәсіпкер жастарға шабыт береді.

«Осы кәсіпке  бұрыннан қызығып жүріп,   2021 жылы ағаш бұйымдарымен айналысып бастадым. Өзім жасаған жұмыстарыма  өзгелер қызығып қарай бастады. Содан оларды сату идеясы келді. Тұрғындардан түрлі тапсырыстар түсіп жатады. Тапсырыс берушінің талабына, қалауына сай бұйымды жасап беремін.  Жастар, сіздер кәсіп бастаудан қорықпаңыздар. Сіздерде осылай тәуекел етіп  кәсіп бастасаңыздар үлкен жетістікке жетесіздер. Ең бастысы жалқаулыққа бой алдырмай, еңбекке ұмтылыңыздар». ,- дейді Нұрсұлтан Әмірханұлы.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Тазалық жаршылары құрметке лайық жандар
  • Еңбек - адамнан, ризық - Алладан
  • Еңбек- адамның шынайы бейнесі
  • Тазалық сақшыларының өз миссиясы бар
  • Өрт сөндірушілер – бүгінгі күннің батырлары
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер