Жастарды еңбек шыңдайды

image.png

Адамның болашағы үшін ең маңызды нәрсе –  еңбек тәрбиесі. Баланың еңбекке араласуы мүмкіндігінше ертерек басталуы тиіс, өйткені еңбек оның адамгершілік қасиеттерін қалыптастыратын ең қуатты негіз болып табылады. Баланы еңбекке баулу, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу – қай заманда да мемлекеттің басты мақсатының бірі болып келді және солай қала бермек те.

Қазіргі тәуелсіз Қазақстанның  басты міндеттерінің бірі - жан дүниесі рухани бай, ұлттық рухты ұрпақ тәрбиелеп шығару. Осы ретте қазіргі жас ұрпақты адалдыққа, тазалық пен еңбексүйгіштікке ғана тәрбиелемей, олардың құқықтық сауаттылығын арттырып, жат ағымдар мен қылмыстық әрекеттерден сақтау және қоғамда тәртіп пен еңбекке деген көзқарасты нығайту – күн тәртібінен түспеуі тиіс. Бастысы, сіз бен біз өскелең ұрпақты бала күнінен еңбекке баулып, тәртіпті болуға, болашақта өз ісінің шебері атануына ықпал етуге тиіспіз. Дана халқымыз баланы жастайынан еңбекке баули отырып, өз ісіне жауап беруге, жақсы нәтижеге жету үшін ізденімпаздыққа, талапшылдыққа, жауапкершілікке, кез- келген еңбекті бағалай білуге, айналаңдағы адамдардың жұмысына құрметпен қарауға және еңбекпен тапқан нан қашанда бағалы болатынын біліп өсуге тәрбиелеудің маңызын әу баста-ақ білген. Еңбекке баулудың адамгершілік тәрбиедегі орны маңызды.

  Президент Қ.Тоқаев Білім және ғылым қызметкерлерінің республикалық тамыз конференциясында сөйлеген сөзінде: «Жаңа ұрпақты алдағы сын-қатерлерге дайындау қажет. Олар еңбексүйгіштік идеялары мен құндылықтары негізінде тәрбиеленуі тиіс. Тарихы терең дәстүр сабақтастығы ұлттық тәрбие арқылы беріледі»,- деп қадап айтқан болатын.

Бүгінде елімізде лайықты азаматтарды ұлттық құндылықтарға және еңбексүйгіштікке баулу үшін көптеген іс-шаралар жүргізілуде. Мұндай шаралардан шымкенттік жастар да қалыс қалып жатқан жоқ. Жақында “Ардагерлерді ардақтайық” акциясы шеңберінде “Жас эколог” үйірмесінің жас өрендері жалғызбасты қарттың үйіне барып, тазалық жұмыстарын жүргізді. Шымқаламыздың жас өрендері бұл игі ісі арқылы біріншіден адамгершілік, екіншіден мейірім  мен қамқорлық, үшіншіден, тазалық және еңбексүйгіштің қасиеттерді бойына сіңірді. Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен акцияға балалар белсене қатысты. Мұндай шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын таба бермек. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Тазалық жаршылары құрметке лайық жандар
  • Еңбек - адамнан, ризық - Алладан
  • Еңбек- адамның шынайы бейнесі
  • Тазалық сақшыларының өз миссиясы бар
  • Өрт сөндірушілер – бүгінгі күннің батырлары
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер