Еңбек адамы – ел мақтанышы

image.png

Ел басшысы  2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялап, түрлі салада қызмет етіп жүрген қарапайым маман иелерінің еңбегін дәріптеу қажет екендігін және осы арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясы насихатталатындығын айтқан болатын.  Шынында өз саласында қажырлы еңбек етіп жүрген азаматтардың өмірі жолы – жастар үшін ғибрат.

Әлемде көптеген пайдалы да қызықты мамандықтар бар, солардың бірі - жол жұмысшысы. Жұмысы автомобиль жолдары мен аэродромдар салумен, оларға қызмет көрсетумен байланысты адам. Жол жұмысшысы барынша зейінділік пен барлық технологиялық процестерді білуді талап ететін жауапты мамандық. Оның құзыретіне жолдарды жайластыру бойынша жұмыстардың барлық спектрі кіреді. Жол жұмысшылары жолды салу және жөндеу кезінде қандай құрылыс материалдар қолданылатынын, қажетті құрылыс қоспаларын қалай дайындауға болатынын, мұз немесе қар көшкіні кезінде не істеу керек екендігін өте жақсы біледі. Міне, осындай нағыз өз ісінің шебері  - Біржан Бауыржан – Шымкент қаласының жол инфрақұрылымын дамытуға үлес қосып жүрген маман. Ол Исрайлов көшесін қайта құру, Бозарық шағынауданына кірме жол, Қонаев даңғылы бойындағы жаяу жүргіншілер өткелдері, Ақсүмбе көшесін Тұранға дейін ұзарту, Бәйдібек би – Төлеметов қиылысындағы жолайрық сияқты жобаларға қатысқан.

2017 жылдан бері жол саласында еңбек етеді. Қазіргі уақытта қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасында қызмет атқарады.

«Жол маманы жылдың кез-келген мерзімінде жұмыс істеу керек болғандықтан, бірнеше сағат ашық аспанда шыжыған күн сәулесі астында, түрлі жағдайларға бейімделіп, аязды және желді ауа-райында жұмыс істеуге дайын болуы керек. Жас мамандардың жұмыскер өз міндеттерін орындауға жауапкершілікпен және мұқияттылықпен қарап, әріптестерімен қарым-қатынаста ашық және коммуникабелді болуы керек екендігін білгені жөн. Кішігірім технологиялық есептеулердегі қателік дайын объектінің мерзімнен бұрын бұзылуына, мысалы, асфальттың отыруына әкеп соғуы мүмкін. Тек бригаданың әрбір мүшесінің детальдарға мұқият болуы жалпы алға қойылған міндеттерді сапалы орындауға мүмкіндік береді»,- дейді кейіпкеріміз.

«Еңбек адамды қашанда бақытқа бөлейді» деген сөз бекер айтылмаса керек.  Өз ісінің майталманы кейінгі жастарға да білгенін үйретіп, қамқорлық танытып жүр.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Тазалық жаршылары құрметке лайық жандар
  • Бірыңғай ваучер жүйесі ашықтықты қамтамасыз етеді
  • Тазалыққа тұрғындар да ат салысып келеді
  • Еңбек - адамнан, ризық - Алладан
  • Еңбек- адамның шынайы бейнесі
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер