Өрт сөндірушілер – бүгінгі күннің батырлары

image.png

Еңбек адамының өмір жолы жастарға үлгі болуы керек. Осы мақсатта Шымкент қаласы ТЖД жас қызметкерлері "Еңбек-жарқын болашақ" атты кездесуге қатысты. Іс-шара Әл-Фараби атындағы ғылыми қалалық-әмбебәп кітапханасында өтті. Шараға Абай ауданы ардагерлер кеңесінің жанынан құрылған аналар кеңесінің төрайымы Хамитбекова Бибипатима Султанбекқызы, ардагер ұстаз Тілеуқабылова Мамыркүл Елемесқызы, №1 қалалық емхананың бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Шарипова Айгүль Меңлібайқызы қатысып, өздерінің еңбек жолдары жайлы айтып, өмірлік тәжірибелерімен бөлісті. Шара барысында әдеби композиция орындалып, әсем әндер шырқалды.

Бұл мамандық иелерінің жұмыс күні темірдей тәртіпке байланып, таңғы таралымнан басталады. Отыз минут ішінде  ауысым қызметкерлерінің төлқұжаттары, сыртқы киімі, жалпы ұсқыны мен автомобильдерге арналған рұқсаттама қағазы тексеріледі. Бұдан әрі еңбек адамдарынан қызметтік міндеттемелерін білуі бойынша сұрақтар қойылады. Өткен тәулікте атқарылған жұмыстар жөнінде бөлім басшысына баяндама жасалады. Таңғы таралымнан соң ауысым кезекшілігі жүргізіледі. Ауысым кезекшілігіне отыз минут уақыт беріледі. Өрт сөндіру автомобилінің жүргізушілері өрт сөндіру техникаларын қабылдаса, өрт сөндіруші қажет құрал-жабдықтарды қабылдайды. 

Ермұрат Қуаныш – Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 5 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі басшысының орынбасары. Ол мұнда 2020 жылдан бері қызмет етіп келеді. Бұл бөлім тек өрт сөндіру жұмыстарымен ғана емес, сондай-ақ авариялық-құтқару қызметімен де айналысады. Қала бойынша шақырту көп түсетін мекеме де осы жер. Оның айтуынша, бір күнде он шақты шақыртуға дейін түсуі мүмкін. Дабыл қағылған сәтте олар бір минут ішінде жиналып, төтенше жағдай орнына он минут аралығында жетеді. Отан үшін отқа түсіп жүрген кейіпкеріміздің бұл мамандыққа деген аңсары бала күнінен-ақ ауған. Аға-буынның ізінен еріп, өкше басып келе жатқан ол мамандығын адаспай тауыпты. Көкшетау техникалық институтында арнайы білім алып, қазір еңбегінің нанын жеп жүр. Өзі бұл салада тек мамандығын шексіз жақсы көретін, таңдауына адал қызметкерлер жұмыс істейтінін айтады. Бүгінгінің батырына айналған еңбек адамдарының мерейі лайым үстем болуға тиіс.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Тазалық жаршылары құрметке лайық жандар
  • Еңбек - адамнан, ризық - Алладан
  • Еңбек- адамның шынайы бейнесі
  • Тазалық сақшыларының өз миссиясы бар
  • Өрт сөндірушілер – бүгінгі күннің батырлары
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер