Құрылыс қала әкімінің назарында

image.png

Шымкентте инфрақұрылым саласын дамыту мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Әсіресе, табиғи газбен, электр қуатымен, ауыз сумен қамту, көгалдандыру мен абаттандыру бағыттарына басымдық беріліп отыр.

Шымкент сияқты үлкен мегаполисте құрылыс жұмыстары бір тоқтамайды, әрі инфрақұрымы қатаң қадағалауды қажет етеді. Сондықтан шаһар басшысы аптасына бір-екі рет міндетті түрде нысандарға барып тұрады. Осы аптада да қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қаладағы бірнеше құрылыс нысандарын аралады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің мамандары хабарлайды.  Шаһар басшысы ең алдымен Сайрам көшесіндегі жаяу жүргіншілер жолының құрылыс барысы тексерілді. Уәлиханов көшесінен Желтоқсан көшесіне дейінгі аралықты қамтитын бұл учаскенің жалпы ұзындығы 2,8 шақырымды құрайды. Аталған аумақты абаттандыру аясында Ақназар хан көшесіне дейін жарықтандыру жүйесін орнату көзделген. Жоба шеңберінде 310 жарық бағанасы орнатылады. Қала басшысы аудан әкіміне және тиісті басқарма басшыларына барлық жұмысты сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.

Одан кейін әкім Еңбекші ауданында орналасқан «Zammler» ЖШС-нің қойма кешеніне барды. Логистикалық бағытта қызмет көрсететін бұл компания ел ішінде  жүк тасымалы және транзиттік тасымалмен айналысады. Қазіргі таңда кәсіпорын Шымкент қаласындағы 20 мыңнан астам серіктеске қызмет көрсетіп 130 азаматты жұмыспен қамтып отыр. Кездесу барысында компания басшылығы қойма инфрақұрылымын кеңейту жоспары туралы ақпарат берді. Қала әкімі өз кезегінде салықтық міндеттемелерді уақтылы және адал орындаудың маңыздылығын атап өтті.

Сапар соңында әкім «Абдулабад» тұрғын алабындағы орталық көшенің бір бөлігін асфальттау жұмысының барысын тексерді. Бұл аумақта балалар және спорт алаңшаларының құрылысы да қатар жүргізілуде. Аталған жұмыстар тұрғындардың көшпелі кездесу барысында айтқан ұсыныс-тілектері негізінде жүзеге асырылып жатыр. Қала басшысы аудан әкіміне барлық құрылыс жұмыстарын абаттандыру талаптарына сай және толық көлемде аяқтауды қамтамасыз етуді тапсырды.

Айта кетейік, қалада 2025 жылы жалпы ұзындығы 40,8 шақырымды құрайтын 15 нысанда жол құрылысы және қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілетін болады және  ұзындығы 161,2 шақырымды қамтитын 252 көшеде орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Білімді жастарға қолдау бар
  • Тазалық жаршылары құрметке лайық жандар
  • Отбасылық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге қолдау көрсетіліп келеді
  • Қауіпсіз қоғам – бақытты болашақ
  • Әрбір нысан қаланың ажары
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер