«Көктем» базары жаңа кейіпке енуде

image.png

2025 жылдың соңына дейін елімізде 103 базар модернизациялануы тиіс. Соның ішінде биыл 38-і жаңартылуы керек. Олардың ішінде Шымкенттің базарлары да бар. Қазіргі таңда  Жібек жолы көшесінің бойында орналасқан «Көктем» базары өз жұмысын тоқтатпай, жаңа форматқа көшірілуде. Базар аумағында бой көтерген үш қабатты заманауи сауда орталығына сатушылар кезең-кезеңімен жайғастырылуда деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бұл көшіру жұмыстары – сауда нысанын жаңғырту, өрт және санитарлық қауіпсіздік талаптарын күшейту, кәсіпкерлер мен тұтынушылар үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында іске асырылып отыр. Жаңа сауда орталығы инфрақұрылымдық тұрғыдан заманауи талаптарға толық сай жабдықталған.

Сауда орталығының жалпы аумағы 7200 шаршы метрді құрайды. Мұнда кәсіпкерлердің өз қызметін тиімді әрі ыңғайлы жалғастыруына барлық жағдай қарастырылған. Сауда нүктелері кең, жарық және қолжетімді.

Жобаға сәйкес 1-қабат – сантехника мен құрылыс материалдары; 2-қабат – күнделікті тұтыну тауарлары, көкөніс, жеміс-жидек және ет өнімдері; 3-қабат – киім-кешек, ойыншықтар және өзге де халық тұтынатын тауарлар сатылмақ.

Жалға алу құны бұрынғы деңгейде сақталып отыр. Мәселен, көлемі 2х3 метр болатын бутикті бұған дейін 25 000 теңгеге жалға алған кәсіпкер жаңа нысанда да дәл осы баға бойынша сауда орнын пайдалана алады. Бұл шешім кәсіпкерлердің жағдайын ескере отырып қабылданған.

Қазіргі уақытта кәсіпкерлермен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Барлық сатушылар үшін жеке сауда орындары қарастырылып, орналастыру кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.

Аталған шара – кәсіпкерлікті қолдау, сауда мәдениетін арттыру және инфрақұрылымды жетілдіру жолындағы маңызды қадам болып табылады. 

Айта кетейік, бүгінде қала аумағында 19 базар бар, оның 7-еуі модернизациялау Жол картасына енгізілген.  Былтырғы  жылы “Алаш”, “Самал”, “Жаңа шахар” базарларының жаңғырту жұмыстары толық аяқталды. Ал “Авто Нұр”, “Орталық Қырғы”, “Назым апа”, “Жабық ” базарларында бұл бағыттағы жұмыстар кезең-кезеңімен жүргізілуде. “Авто Нұр” базарында 3 ғимараттың құрылысы аяқталды. Босаған орын автотұраққа айналады. Жаңғырту жұмыстары 2025 жылдың желтоқсан айында бітеді.

“Орталық Қырғы” базарында модернизациялау 3 кезеңнен тұрады. Желтоқсанда киім сату қатарлары жаңартылады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Білімді жастарға қолдау бар
  • Тазалық жаршылары құрметке лайық жандар
  • Отбасылық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге қолдау көрсетіліп келеді
  • Қауіпсіз қоғам – бақытты болашақ
  • Әрбір нысан қаланың ажары
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер