39 жылын газа саласына арнаған маман

image.png

Мемлекет басшысы  «Біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын – арттырады. Сондықтан, біз еңбек адамының мәртебесін көтеріп жатырмыз. 

Бұл бағыттағы жұмыс тоқтамайды, жалғаса береді. Ең бастысы, әркім жауапкершілікті терең сезініп, өз міндетін сапалы атқаруы тиіс. Сонда ғана еліміз дамудың сара жолына түседі» деген болатын. Президент айтқандай, өзінің адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамның бірі   Нұркәрім Құлтаев. Ол "QAZAQGAZ AIMAQ" АҚ Шымкент өндірістік филиалында электрохимқорғау монтері болып қызмет атқарады. Оның негізгі міндеті газ құбырларын коррозиядан (қоршаған ортаның әсерінен металл бетінің бүлінуі) сақтау. Аталған мамансыз тұтынушыға көгілдір отын тасымалданбайды. 

 Кейіпкеріміз бұл қызметке 1985 жылы келген. Айтуынша әскерден орала сала жұмыс  тапқан. Өзінің қазіргі жұмысынсыз өмірін елестете алмайды. Себебі еңбек оның өмірін күрт өзгертті. «1983-1985 жылдары әскер қатарында болып, Отан алдындағы борышымды өтеп келдім. Сөйтіп Құдайдың қалауымен осы жұмысты таптым. Бойдақ кезімде жұмыссыз, табыссыз жүрген кездерім болды. Басымда баспанам болмай вокзалға түнеген түндерім де өтті. Осындай өмірдің қиын кезеңдерін басымнан өткеріп жүргенде осы мекемеге жұмысқа тұрдым. Еңбек еткен соң тұрмысым түзеліп, өміріме сән кірді. Осы жұмысты тапқаныма, осы мамандықты игергеніме әлі күнге дейін қуанамын. Еліміздің газ саласының дамуына, тұрғындарға жылу сыйлауға өз үлесімді қосқаныма мақтанамын. Жастарға айтарым, еңбек бәрін жеңеді. Өмірде қандай қиын жағдай болса да еңбек етуді тоқтаптаңыздар»,- дейді Нұркәрім Құлтаев. 

 Бір саладаға күректей 39 жылын арнаған Нұркәрім ағамыз еңбек жолын бастағанда қылшылдаған жас болды. Қазір төрт перзенттің әкесі, он немеренің атасы. «Немерелерім ата, сіз қандай жұмыс істейсіз? деп сұрағанда сендер ұйықтап жатқанда көгілдір отынды қорғаймын деп жауап беремін»,- дейді ол. 

 Ия, расында да оның тынымсыз еңбегі, әрбір детальға мән беріп, өз ісін шебер орындауының арқасында бүгінде миллиондаған шымкенттіктердің үйінде газ жанып тұр. 

  Оның жұмысы көзге көрінбесе де, халық бұл салада Нұркәрім ағамыз секілді мыңдаған қарапайым жұмысшылардың арқасында сапалы газға қол жеткізіп отырғанын сезеді. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жиырма жылын су шаруашылығына арнады
  • 39 жылын газа саласына арнаған маман
  • Ұлттық аспапты ұлықтаған жан
  • Еңбек, кәсібилік, адалдық...
  • Газ саласының үздіктері анықталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер