Жас маман – ел тірегі

image.png

Өндіріс нысандарда өз ісіне адал мамандар өте көп. Олардың қажырлы еңбегінің арқасында өндірістік процесс үздіксіз жүреді. ОСЫНДАЙ ЕҢБЕК АДАМДАРЫНЫҢ БІРІ «ПетроҚазахстан Ойл Продактс» ЖШС-де 6-разрядты электромонтер болып жұмыс істейтін - Бунёд Курванкулов.  Ол - Шымкент мұнай өңдеу зауытындағы релелік қорғаныс және автоматика жабдықтарына қызмет көрсетеді. Бұл жұмыс дәлдік пен жауапкершілікті талап етеді. 

«Мен М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде «электроэнергетика»  мамандығы бойынша аяқтап шықтым. 2019 жылдан бері осында қызмет етіп келемін. Алғаш жұмысқа орналасқанымда 4-разрядты электромонтер болатынмын. Қазіргі таңда релелік қорғаныс және автоматика жабдықтарына  6-разрядты электромонтер болып қызмет атқарамын.  Жұмысымыз жауапты әрі қауіпті. Менің негізгі міндетім зауытты сапалы электр энергиясымен  үздіксіз қамтамасыз ету, ақаулықтарды жөндеу, алды-алу, болдырмау. Алып зауытты сапалы жарықпен қамтамасыз ету оңай шаруа емес. Сондықтан мен өзімді үнемі жетілдіріп, ізденіп, білімімді толықтырып отырамын. Технология күнде өзгеріп жатыр. Біз жағдайға жылдам бейімделіп, жаңа технологияларды енгізуіміз керек. Тәжірибеге сүйеніп, жабдықтардағы ақауды алдын ала анықтау аса маңызды. Жұмыс барысында жоғары біліммен қатар техникалық және  еңбек қауіпсіздігін қатаң ұстануымыз қажет. Себебі бір ғана қателік сенің және өзгелердің өміріне, жұмысына зиянын тигізуі мүмкін. Бұл мамандық өзгелерге қиын немесе қызықтысыз болып көрінуі мүмкін. Шын мәнісінде электромонтердің жұмысы өте қызықты. Электр энергиясыз еліміздің дамуы мүмкін емес. Барлық экономика, бизнес, адамдардың қарапайым тіршілігі осы энергияға байланған»,- дейді ол. 

Ол жас мамандарды жан-жақты дамып, кәсіби деңгейін үнемі көтеруге шақырады. Оның пікірінше, бұл дағдылар өз ісінің шебері болуға көмектеседі.

«Жастарға айтарым, сіздердің бүгінгі еңбектеріңіз еліміздің жарқын болашағының дамуына септігін тигізеді. Сондықтан ерінбеңіздер, еңбек етіңіздер, білім алып, өзіңізді жетілдіріп, бір саланың нағыз маманы болыңыздар!»,- дейді Бунёд Курванкулов.  Әрбір құрылғының дұрыс жұмыс істеуі мен энергияның тұрақты берілуі – мекеменің үздіксіз жұмыс істеуінің кепілі. Кәсіби шеберлігі мен тәжірибесінің арқасында ол  өз саласында сенімді әрі жауапты маман ретінде танымал. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жиырма жылын су шаруашылығына арнады
  • 39 жылын газа саласына арнаған маман
  • Ұлттық аспапты ұлықтаған жан
  • Еңбек, кәсібилік, адалдық...
  • Газ саласының үздіктері анықталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер