«Қазақстан халқына» қор мамандары Шымкентке келді

image.png  

Қ.Тоқаевтың бастамасымен құрылған «Қазақстан халқына» қайырымдылық қорына биыл үш жыл толды. Қор қызметінің басым бағыттары  Қазақстан  халқына денсаулық сақтау және әлеуметтік қолдау, білім беру, мәдениет және спорт салаларында қайырымдылық көмек көрсету. Төтенше жағдайдан зардап шеккен азаматтарға да көмек көрсетіледі. Қордың бағдарламалары ауылдық елді мекендер мен шағын қалаларға баса назар аудара отырып, еліміздің барлық 20 аймағында жүзеге асырылып жатыр. 

Осы ретте Шымкентте  «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының алғашқы өңірлік баспасөз туры ұйымдастырылды деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.  Іс-шараның мақсаты — қордың үш жылдық қызметінің нәтижелерін қорытындылау және жүзеге асырылып жатқан жүйелі қайырымдылық жобалар туралы кеңінен ақпарат тарату.

Турға жергілікті және республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, блогерлер мен қоғам белсенділері қатысты.  Қатысушылар қор қолдауымен ашылған, жұмыс істеп жатқан бірқатар әлеуметтік нысандардың қызметімен танысты.

     Іс-шара аясында делегация алдымен дамуында кідірісі бар балаларды ерте кезеңнен қолдауға бағытталған Ерте араласу орталығының жұмысымен танысты. Одан кейін «QH Оңалту орталықтары» қайырымдылық бағдарламасы аясында ашылған оңалту орталығына барды. Бұл мекеме ерекше қажеттілігі бар балаларға кешенді оңалту қызметтерін көрсетеді.

Сондай-ақ, делегация «Қамқорлық» №8 балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының базасында орналасқан Аутизм орталығының қызметімен танысты. Орталық аутизм спектрінің бұзылысы бар балаларға қолжетімді,  сапалы қызмет ұсынуға бағытталған.

Келесі нысан — TEN QOGAM әлеуметтік қолдау орталығы. Мұнда қордың «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы аясында арнайы мамандар үй жағдайында оңалту қызметтерін көрсетеді.

Сондай-ақ, «Көмекші мектеп-интернат» КММ-де іске асырылып жатқан «Тұсау кесер» жобасы аясында ашылған инклюзивті спорт залымен танысу мүмкіндігі ұсынылды. Жоба ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың дене дамуын қолдауға бағытталған.

2022 жылдан бері  қор  Шымкентте  жалпы құны 12,1 миллиард теңгені құрайтын қайырымдылық көмегін көрсетті. Баспасөз туры барысында осы қаражат есебінен жүзеге асқан жобалардың нақты нәтижелері көпшілікке ұсынылды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мамандығымен мақтанатын машинист
  • Қала тазалығы – қоғам айнасы
  • Волонтерлер мектебі ашылды
  • Жылу сыйлайтын жан
  • Кәсіптік бағдар беру - табысты болашаққа маңызды қадам
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер