Қайнарбұлақ тұрғындарының өтініші жерде қалмайды

image.png

Шымкент қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы сәтті жүзеге асырылуда. Шымкенттің республикадағы үшінші мегаполис деген атына лайық, экономикасы мен инфрақұрылымы дамыған, халықтың өмір сүруіне қолайлы заманауи шаһарға айналуы үшін бұл тұжырымдаманың қосар үлесі мол. Қала әкімдігі  азаматтарды бірыңғай қабылдау күнін өткізіп тұрады және  тұрғын алаптар мен шағынаудандарды да тұрақты түрде аралап, азаматтардың мұң-мұқтажын тыңдап, өзекті мәселелерді дер кезінде шешіп келеді. Бұл – билік пен бұқараның байланысын нығайтатын нақты қадам. Осы ретте қалада тұрғындарды таза ауыз сумен, табиғи газ, жол және сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету жұмыстары жүйелі шешімін табуда. Қала тұрғындарының 70 пайыздайы жеке секторда тұратынын айта кетейік.

Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің тұрғындармен өткізген көшпелі кездесуі барысында Қайнарбұлақ саяжай алабының тұрғындары табиғи газға қосылу мәселесін көтерген болатын. Көпшілік үйлердің әлі күнге дейін газ жүйесіне қосылмағанын жеткізді.

Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы хабарлағандай азаматтардың өтінішіне жедел әрекет еткен қала әкімі жауапты басқарма мен Абай ауданы әкімдігіне мәселені егжей-тегжейлі зерделеуді және тиісті шаралар қабылдауды тапсырды.

Зерделеу жұмыстарының нәтижесінде Қайнарбұлақ саяжай алабында магистралды газ құбыры желісінің толықтай жүргізіліп, қажетті инфрақұрылымның дайын екені анықталды. Бүгінгі таңда 2300-ден астам тұрғын үй табиғи газ жүйесіне қосылған. Қалған азаматтар үшін де ішкі газ жүйесіне қосылуға толық мүмкіндік бар.

Сонымен қатар, тұрғын үйлердің кейбірі қызыл сызық аумағында орналасуына байланысты техникалық құжаттарын (техникалық паспорттарын) рәсімдей алмай отыр. Бұл мәселені шешу мақсатында Абай ауданы әкімінің аппараты тарапынан нақты қолдау көрсетілуде. Атап айтқанда, газға қосылу рәсімін жеңілдету үшін тұрғындарға арнайы 7-нысанды анықтама берілуі қамтамасыз етілуде. Құжат табиғи газға қосылуға заңды негіз болып табылады.

Осылайша, қала әкімінің тапсырмасына сәйкес Қайнарбұлақ тұрғындарының газбен қамтылуын қамтамасыз ету мақсатында қажетті жұмыстар атқарылып, тұрғындарға барынша қолайлы және заңды тетіктер ұсынылып отыр.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мамандығымен мақтанатын машинист
  • Қала тазалығы – қоғам айнасы
  • Волонтерлер мектебі ашылды
  • Жылу сыйлайтын жан
  • Кәсіптік бағдар беру - табысты болашаққа маңызды қадам
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер