Креативті индустрия субъектілері сайысты

image.png

Қазіргі таңда экономиканың басым бағыттарының біріне айналып отырған креативті индустрия – қаржының ерекше саласы. Бізде ұлттық экономиканы дамытуда өзіндік үлесі бар креативті индустрияның сәулет, сән, өнер, музыка, дизайн, кино, IT-тех-нология мен  халық қолөнері секілді  шығармашылық бағыттары жұмыс істейді. Осы орайда Шымкент қаласының туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасының ұйымдастыруымен, креативті индустрия саласындағы кәсіпкерлерді қолдау мақсатында, қаланың креативті индустрия субъектілері арасында байқау өткізілді. Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы хабарлағандай байқау келесі 10 бағыт бойынша өтті: қыш құмыра, зергерлік бұйымдар, ағаш өнері, киім дизайні, киіз және тоқыма өнімдері, видеография, фотография, анимация және кино, былғары өнімдері, суретшілер.

Әр номинацияға арнайы талаптар қойылды. Қатысушылардың жұмыстарын кәсіби комиссия мұқият қарап, бағалады. Байқауға жалпы 19 кәсіпкер қатысты.

Байқаудан 7 жеңімпаз анықталып, салтанатты түрде марапатталды.

Айта кетейік, Шымкентте креативті индустрияны қолдауға бағытталған  Shymkent Creative Hub  креативті орталығы жұмыс істейді. Жаңа кеңістік қаладағы шығармашылықпен айналысатын мамандарды бір арнаға тоғыстырып, олардың кәсіби дамуына, идеяларын жүзеге асыруына және табыс көзін кеңейтуіне мүмкіндік береді.

Креативті хаб  Visit Shymkent  туристік-ақпараттық орталығының негізінде ашылып, заманауи инфрақұрылыммен жабдықталған. Жалпы ауданы 540 шаршы метрді құрайтын бұл ғимаратта бірнеше бағытқа арналған аймақтар бар: көрме және сату алаңы, дизайнерлік киімдерге арналған подиум, кино және анимация жобаларын жүзеге асыратын студия, шеберлік сағаттары мен іс-шараларға арналған алаңдар және конференц-зал.

Мұнда қолөнершілер, зергерлер, суретшілер, дизайнерлер мен контент-мейкерлер бірлесе жұмыс істейді. Олар өз өнімдерін өткізу, тәжірибе алмасу және шығармашылық жобаларды дамыту мүмкіндігіне ие.

Шымқалада  бүгінде креативті индустрия бағытында 2 300 кәсіпкер тіркелген. Олардың басым көпшілігі халық қолөнері, сән мен дизайн, контент жасау және зергерлік өнер салаларында жұмыс істейді. Қалада 150-ден астам кәсіпкерді біріктіретін арнайы  - Креативті индустрия ассоциациясы да құрылған.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мамандығымен мақтанатын машинист
  • Қала тазалығы – қоғам айнасы
  • Волонтерлер мектебі ашылды
  • Жылу сыйлайтын жан
  • Кәсіптік бағдар беру - табысты болашаққа маңызды қадам
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер