Ойын алаңы қалпына келтірілді

image.png

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков   азаматтардың сұраныстарына құлақ асып, түрлі қоғамдық қабылдаулар, онлайн кездесулер мен ашық есік күндерін тұрақты түрде өткізіп келеді. Осы орайда шаһар басшысы Абай ауданының тұрғындарымен өткізген көшпелі кездесуі барысында көтерілген мәселелер назардан тыс қалмай, нақты шешімін тапты.

Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы хабарлағандай тұрғындар тарапынан түскен өтінішке сәйкес, Абай ауданы, Дулатов көшесіне ұзындығы 120 метрді құрайтын жаяу жүргіншілер жолы (аяқжол) салынып, аялдама павильоны орнатылды. Бұдан бөлек, аталған көшенің Қасиет көшесімен қиылысатын тұсында ұзындығы 50 метр тағы бір аяқжолдың құрылысы жүргізілді.

Бұл жұмыстар қала тұрғындарының қауіпсіздігі мен қолайлы қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында іске асырылды. Белсенділік танытып, өз ұсыныстарын білдірген тұрғындар атқарылған жұмыстарға ризашылықтарын білдіріп, өз алғыстарын жеткізді. 

Сондай-ақ, Сапақ Датқа көшесі №6 үй ауласындағы балалар ойын алаңшасында орын алған ақаулар жойылып, алаңша толықтай ретке келтірілді.

Аталған мәселе қала әкімі мен Әл-Фараби ауданы тұрғындарының көшпелі кездесуі барысында аудан тұрғыны С. Давыдова тарапынан көтерілген болатын. Қала басшысы мәселені жедел шешу жөнінде нақты тапсырма берді.

Нәтижесінде, жөндеу жұмыстары «Әл-Фараби» ауданы әкімінің аппаратына қарасты коммуналдық мемлекеттік мекеме тарапынан атқарылып, балалардың ойын алаңы қалпына келтірілді.

Алдағы уақытта да аудан аумағындағы инфрақұрылымдық нысандарды жаңарту және күтіп ұстау, соның ішінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасын табатын болады.

Президенттің тапсырмасына сәйкес, мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы мен есептілігіне баса мән беріліп отыр. Қала  бойынша жүзеге асып жатқан барлық мемлекеттік жобалар, жол карталары мен даму бағдарламалары туралы халыққа уақытылы ақпарат беріліп келеді. Бұл – жергілікті тұрғындардың мемлекеттік саясатқа деген сенімін арттырып, белсенділік танытуына ықпал етеді.

 Шымқалада  “Халық үніне құлақ асатын мемлекет” қағидаты тек сөз жүзінде емес, нақты іс жүзінде жүзеге асып келеді. 

Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын тауып, халық пен билік арасындағы сенімді нығайта түспек.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қала тазалығы – қоғам айнасы
  • Волонтерлер мектебі ашылды
  • Жылу сыйлайтын жан
  • Шымкентте дайындалған ең үлкен гамбургер «КИНЭС» рекордтар кітабына енді
  • Ойын алаңы қалпына келтірілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер