Еңбек қауіпсіздігі басты назарда

image.png

Бүтін бір қаланы жылумен қамту бір ғана адамның емес, мыңдаған адамның қолынан өтетін күрделі процес. Әсіресе Шымкент секілді ірі мегаполисте мұндай жұмыс үлкен еңбекті, қажырлықты талап етеді. Бүгінде Шымқаланы жылумен «Қуатжылуорталық-3» МКК қамтамасыз етіп отыр. Мұндағы жұмысшылар – нағыз адал еңбектің адамдары. Орталықтағы жұмысшы мамандардың еңбегі жұрт көзіне елене бермеуі мүмкін. Алайда оларсыз тұрғындарға жылу мен ыстық судың берілмейтіні анық. Әр маман өзіне жүктелген міндетті мінсіз, сапалы орындауының нәтижесінде қала тұрғындары қыста тоңбайды. Мекеме қазіргі таңда алдағы 2025-2026 жж. жылыту маусымында үздіксіз және сапалы жылумен қамтамасыз ету үшін қалада жылу желілері құбырларының тығыздығына гидравликалық сынақ жүргізу бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр.

Мекемедегі 733 жұмысшы  мамандары  қысы-жазы Шымкенттегі 2100 көпқабатты үйлердің, 1000-нан астам мекемелердің, түрлі нысандардың ішкі жүйелерін тексеріп, жылыту маусымына дайындайды. Сондықтан, әрбірінің еңбек қауіпсіздігі, әлеуметтік қорғалуы өте маңызды. Оған нұқсан келмеуі керек. 

Осы орайда «Әділдік және өркендеу» қоғамдық қорының Шымкенттегі өкілдік жетекшісі қалалық кәсіподақ ұйымымен бірлесіп, қаланы жылумен қамтушы «Қуатжылуорталық-3» кәсіпорнының ұжымымен кездесті. 

«Қуатжылуорталық-3» кәсіпорнында кәсіподақ ұйымы жұмыс істейді. Жалпы, Шымкент қаласында 132 мекемеде кәсіподақ ұйымдары бар. Аумақтық кәсіподақтар бірлестігіне 60 мыңнан астам еңбеккерлер мүше.

Қоғамдық қордың Еңбек адамы мәртебесін көтеріп, басшылық пен жұмысшы арасында міндетті түрде түзілуі тиіс келісім-шарт, еңбек құқығының бұзылуына қатысты тегін заңгерлік көмек беретіні кеңінен айтылды. Техникалық мамандар қор бастамасын қолдайтынын білдірді.

Шымкент қаласының жылу тұтынушыларына демалыс күніне қарамастан «Қуатжылуорталық-3» қызметкерлері тұрғындардың өтініштері бойынша тұтынушылардың жайлылықтары үшін жұмыс жасауда. 

«Қуатжылуорталық-3» мемлекетік коммуналдық кәсіпорны Шымкент қаласының жылу жүйелеріне 100 пайыз қызмет көрсетеді және жылу энергиянсын өндіруші, беруші және онымен жабдықтаушы болып табылады. Қалада жылумен жабдықтау жүйесіне 2 306 көп қабатты тұрғын үй, 287 бюджеттік мекемелер (мектептер, балабақшалар, ауруханалар),  248 заңды тұлғалар қосылған.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қала тазалығы – қоғам айнасы
  • Волонтерлер мектебі ашылды
  • Жылу сыйлайтын жан
  • Кәсіптік бағдар беру - табысты болашаққа маңызды қадам
  • Шымкентте дайындалған ең үлкен гамбургер «КИНЭС» рекордтар кітабына енді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер