Еңбектің наны тәтті

image.png

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы 15 наурызда өткен Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында: «Адал еңбек – табысқа жетудің басты жолы. Еңбекқорлық пен жауапкершілік – әрбір азаматтың борышы» деп атап өтті.

Осы орайда Шымкент қаласындағы еңбек адамы – «Сайрам нан» кондитерлік фабрикасында  оператор қызметін атқаратын Гүлзира Мұқанова.  Оның кәсібіне деген адалдығы мен табандылығы көпке үлгі. Кәсіби шеберлік, жауапкершілік пен еңбекке адалдық – бұл нағыз маманның басты ұстанымы. Осындай қасиеттерді бойына сіңірген Гүлзира  уақытпен ұштасқан тәжірибе мен тынымсыз ізденіс оны өз ісінің нағыз шеберіне айналдырған. Кондитерлік өнерге деген қызығушылығы  оның бойында бала кезінен қалыптасқан. 

Ұжымдағы ұйымшылдық пен жұмыс тәртібі оған жан-жақты дамуға мүмкіндік берді. Қамыр илеу, тәттілерді әзірлеу, пісіру мен безендіру – мұның бәрі тиянақтылық пен ерекше ұқыптылықты талап етеді. Мұқанова бұл үдерістердің әр кезеңіне мұқият қарап, өнім сапасына айрықша мән береді. Фабрика ірі болғандықтан мұнда көптеген жұмыстарды арнайы аппараттар жасайды. Ал сол аппараттарды басқарып, дұрыс жұмыс істеуіне оператор жауапты. Сондай-ақ бұл кәсіп тек қана тәттілерді дайындау емес, сонымен қатар шығармашылық пен дәлдікті талап етеді.

«Фабрикада жұмысшы мамандарға техникалық қауіпсіздіктің барлық жағдайы жасалған. Қызметкерлерге өте жақсы қарайды. Екі мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етеді. Қазіргі жастарға айтарым кондитерлік істі меңгерсе, жұмыс қиын емес. Себебі қазір көптеген кондитерлік фабрикалар автоматтандырылған. Яғни жұмыстың біраз бөлігін арнайы қондырғылар істейді. Президенттің 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялауы біз секілді жұмысшы мамандарға өте қолайлы болуда. Мемлекет басшысының бұл бастамасы нағыз еңбек адамдарын қолдау деп түсінемін.Осы ретте жастарға жұмысшы мамандықтарды таңдауға қорықпаңыздар дер едім»,- дейді техниканың тілін түсінетін маман. 

Ісіңе адал болсаң еңбегің еленеді. Бастысы  жауапкершілік пен тиянақтылықты жоғалтпау керек, – дейді тәжірибелі кондитер.  Гүлзира Мұқанова  үшін жұмыс жай ғана күнкөріс көзі емес – жүрек қалауы, өмірлік таңдауы. 

Айта кетейік "Сайрам нан" - 11 жылдық тарихы бар кәсіпорын, бүгінде Қазақстандағы ең ірі кондитерлік фабрикалардың бірі болып табылады. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте 8 мыңға жуық оқушы кәсіби бағдар алды
  • «Жұмысшы – мерейлі мамандық»
  • 29 колледж 187 кәсіпорынмен тұрақты серіктестік орнатқан
  • Мамандығымен мақтанатын машинист
  • Енді Шымкентте аяқ киім тігу шеберлері даярланбақ
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер