«Білім мен өндіріс: табысты әріптестік» атты жиын өтті

image.png

Ұзақ уақыт бойы жұмысшы кәсіптеріне қатысты қоғамда төмендетушілік стереотиптер қалыптасқаны жасырын емес.  Бүгінде жағдай өзгерді. Қазіргі жұмысшы — жаңа технологияларды меңгерген, еңбек нарығында сұранысқа ие білікті маман. Мемлекет басшысының биылғы жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялауы да жұмысшы мамандықтардың мерейін өсіруде.  Қазіргі таңда қоғам  еңбекті қадірлеу дәстүрін қайта жаңғыртып, жұмысшы еңбегіне лайықты құрмет қайтару үшін бар күш-жігерін салуда.  Өйткені индустриялық даму, өндірісті жаңғырту, экономикалық тұрақтылық – бәрі ең алдымен еңбек адамдарына, жұмысшы маман иелерінің еңбектеріңізге тікелей байланысты. 

Үшінші мегаполистегі кәсіптік білім беретін колледжерде бүгінде мамандарды даярлау ісінде алға жылу байқалады. Әсіресе,  оқу мен өндірістің байланысын нығайту, кәсіпорындарда тәжірибе шыңдау шаралары қолға алынуда. Осы ретте «Жұмысшы мамандықтар жылына» орай Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжінде «Білім мен өндіріс: табысты әріптестік» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.   Мақсаты – студенттерді жұмыс берушілермен жақын таныстырып, болашақ маман ретінде еңбек нарығына бейімдеу, тәжірибеден өту мүмкіндіктерін нақтылау және серіктестік байланыстарды нығайту. 

 Іс-шараға әлеуметтік серіктес кәсіпорын өкілдері, өндіріс шеберлері, арнайы пән оқытушылары және колледж басшылығы қатысты.Нақтырақ айтқанда: Chefs team Russia аспаздық қауымдастығының президенті, HoReCa silverFork сегментіне арналған консалтингтік компанияның негізін қалаушы, басшысы және бас аспазшысы, Ресейдегі Hochland брендінің елшісі, "Ладушки"ЖШС, "Мадлен Group " ЖШС, «Сандық Group» ЖШС тағы да басқа өкілдер келді.

 Дөңгелек үстел барысында дуальды оқыту, еңбек нарығына бейімделу, өндірістік тәжірибені тиімді ұйымдастыру  мәселелері қозғалды.  Бұл күні отандық және шетелдік аспаздарымен пікір алмасу жүргізіліп, еңбек нарығындағы қазіргі талаптар мен кәсіби бағыттары да  талқыланды.  Серіктестер кәсіби мамандар даярлаудағы ортақ міндеттер мен жетістіктермен бөлісті. 

Сондай-ақ, жиын барысында студенттердің жұмысқа орналасу мүмкіндігі, еңбек қауіпсіздігі  де сөз болды.  Кездесу өзара тиімді серіктестікті нығайтуға, кәсіби білім беруді заманауи талаптарға сай дамытуға үлкен ықпал етті. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте 8 мыңға жуық оқушы кәсіби бағдар алды
  • «Жұмысшы – мерейлі мамандық»
  • 29 колледж 187 кәсіпорынмен тұрақты серіктестік орнатқан
  • Мамандығымен мақтанатын машинист
  • Енді Шымкентте аяқ киім тігу шеберлері даярланбақ
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер