Жаһандану мен индустрия¬ландыру жағдайында кадр даяр¬лауды жақсарту мемлекет саясатындағы өзекті мін¬деттердің бірі. Дамыған елдерде өндіріс үшін кадрлардың негізгі провайдері –техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі. Басты мақсат – кәсіптік-техникалық және орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына жан-жақты жәрдемдесу, жа¬ңарту. Яғни 4 стратегиялық бағыт – оқу үдерісі мазмұнын жаңарту, оқыту сапасын, тиім¬ділігі мен дәрежесін арттыру, экономиканың сұранысқа ие және инновациялық бағыттары бойынша ағымдағы оқу орындарын дамыту және жаңаларын құру.
Еңбек нарығындағы ма¬манның жұмыс берушінің талабына сай білім алуы, білікті болуы, технологиялық үдерістерді дереу меңгеруі, кәсіби машығы өте өзекті. Елімізде индустриялы-инновациялық дବму¬ға бағытталған жұмыстар барлық өңірді қамтып келеді. Бұл кәсіпорындарды сапалы жұмысшы маманмен қамтамасыз етуді талап етеді. Жұмысшы мамандығының беделі мен мәртебесін көтеру – маңызды мә¬селенің бірі.
Шымкенттегі кәсіптік білім беретін колледждер маман сапасын арттыру мақсатында түрлі халықаралық ұйымдармен, оқу орындарымен байланысты нығайтып келеді. Айталық болашақ аспаздарды даярлайтын «Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжі» бірнеше шетелдік орталықтармен байланыс орнатқан. Бүгінде колледж студенттері шетелде өз білімдерін жетілдіріп отырады. Осы орайда жақында «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында «Тамақтандыру аталған оқу орнының базасында, Мәскеу қаласындағы «Запад» білім беру орталығында халықаралық тағылымдамадан өтіп келген өндірістік оқыту шебері Усманов Хабибулла және колледж студенті Сайдалиева Халима «Мастикадан мүсіндеу ерекшеліктері» тақырыбында мастер класс өткізді.
Іс-шараның мақсаты – тағылымдама барысында жинақталған тәжірибемен бөлісу, заманауи тәсілдерді кәсіби білім беру үдерісіне енгізу және болашақ мамандардың шығармашылық әлеуетін дамыту.
Мастер класста кондитерлік өнердің жаңа технологиялары және олармен жұмыс жасай білу, мастикамен жұмыс істеудің егжей-тегжейі көрсетіліп, практикалық кеңестер берілді. Қатысушылар белсенділік танытып, кәсіби қызығушылықтарын арттырды.
Бұл - тәжірибе сапалы білім мен заманауи дағдының кепілі. Осындай шаралар білім алушылардың тек теория жүзінде ғана емес нағыз шынайы өз кәсібінің маманы болуға септігін тигізеді.