Балаларға мамандықтардың маңызын түсіндірді

image.png

Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы, ұлттық өндірістің өркендеуі, халықтың әл-ауқаты – бәрі де күнделікті маңдай терін төгіп, адал еңбек етіп жүрген азаматтардың еселі еңбегімен тікелей байланысты. Еңбек адамы – бұл ұғымның артында зор жауапкершілік, тәртіп, кәсіби шеберлік және отансүйгіштік қасиеттер жатыр. Бүгінде еліміз бойынша өндірісте, ауыл шаруашылығында, құрылыс алаңдарында, білім беру мен денсаулық сақтау салаларында жүздеген мың еңбек адамы қызмет етуде. Олардың барлығы – Қазақстанның дамуына, ел экономиканың ілгерілеуіне, халықтың өмір сапасының артуына үлес қосып жүрген нағыз ерлер мен ерлермен иық теңестіре қызмет атқарып жүрген қыз-келіншектер.Міне, осындай қажырлы еңбектің иелерін жастарымызға үлгі ету және жұмысшы мамандықтарға деген қызығушылығын арттыру бүгінгі күннің басты талабы.  Осы мақсатта Шымкент қаласында көптеген ауқымды, маңызды шаралар ұйымдастырылуда. Айталық жақында  қаланың орталықтандырылған балалар кітапханасында «Барлық мамандық маңызды» атты кездесу шарасы өтуі.   Жиынға шаһардағы іргелі оқу орындарының бірі, тарихы тереңге жайылған, бүгінде еліміздегі сұранысқа ие кәсіптік маман иелерін даярлап отырған  «Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжінің» МКҚК өндірістік оқыту шеберлері В. Пащенко, А. Тұрарбек және колледж студенті Д. Байназар қатысып шеберлік сыныбын көрсетті. Олар балаларға өз мамандығының қаншалықты маңызды екенін және олар кімдер, немен айналысады деген маңызды сұрақтарға жауап берді. Мастер класс барысында балалар жұмысшы мамандықтарға қызығушылық танытып, олардың еңбектерінің бір парасын көздерімен көрді және бұл маман иелерінің еліміз үшін қаншалықты пайдалы екендіктерін ұғынды. 

Сондай-ақ аталған орталықтандырылған кітапхананың №1 кітапхана бөлімшесінде «2025 жыл – Жұмысшы мамандықтар жылына» арналған «Білікті маман болғың келе ме?» атты пікір алмасу ұйымдастырылды. - Қоғамның еңбек адамдарына деген құрметін арттырып, балалардың, жастардың жұмысшы кәсіптеріне деген қызығушылығын оятуға бағытталған осындай  іс-шараның маңызы зор.

Еңбек адамы – тек бір саланың маманы емес, ол – ел мүддесіне қызмет етуші, қоғамды алға сүйрейтін тұлға. Осындай азаматтарды насихаттау, еңбегін бағалау – елдік міндет. Себебі еңбекке деген құрмет – ұлтқа деген құрмет.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте 8 мыңға жуық оқушы кәсіби бағдар алды
  • «Жұмысшы – мерейлі мамандық»
  • 29 колледж 187 кәсіпорынмен тұрақты серіктестік орнатқан
  • Мамандығымен мақтанатын машинист
  • Енді Шымкентте аяқ киім тігу шеберлері даярланбақ
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер