Бағаны негізсіз өсірген кәсіпкерлерге шара қолданылды

image.png

Шымкентте қала басшылығы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының  тұрақтылығын әрдайым басты назарда ұстап келеді. Осы орайда шаһарда жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын негізсіз көтерген 200-ден астам кәсіпкер жауапкершілікке тартылды деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының мәліметінше, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын бақылау мақсатында сауда орындарына мониторинг жүргізілген. Айта кетейік, сиыр еті (жауырын-кеуде бөлігі, сүйекті) бағасы бақылауға алынған 19 атаулы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тізіміне кіреді.

— Бүгінде Шымкент қаласында 60-қа жуық әлеуметтік сауда нүктесі жұмыс істейді. Бұдан бөлек, апта сайын ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өткізіледі. Онда да сүйекті сиыр еті тұрақты бағамен – килограммы 3200-3300 теңге аралығында сатылады. Ет өнімдері Түркістан облысындағы мал шаруашылығы фермаларынан тікелей жеткізіледі, — деді басқарма басшысы Т.Мекамбаев.

Сиырдың жұмсақ еті (мякоть) бұл тізімге кірмейді.«Каскасу-С» және «Бәйтерек» шаруа қожалықтарымен жасалған келісімшарттар аясында еттің өткізу бағасы – келісіне 2 620 теңге.

Сондай-ақ, «айналым схемасы» тетігі шеңберінде «Magnum» және «Грамад» сауда желілерімен келісімдер жасалған. Бұл сүйекті сиыр етін (жауырын-кеуде бөлігі) 2 590 теңге көлеміндегі тұрақты бағамен сатуға мүмкіндік беріп отыр.

Жекеменшік сауда нүктелеріндегі бағаның өсуін мамандар маусымдық сұраныс, мал азығы бағасының қымбаттауы және экспорт көлемінің артуымен байланыстырады. Соған қарамастан, қалада етке деген тапшылық байқалмайды екен.

Қала тұрғындарын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақыланатын және реттелетін сауда орындарын таңдауға шақырады.

Айта кетейік, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 зат кіреді. Баға өзгерісі туралы көрсеткіштер апта сайын жаңарып отырады. Баға өзгерісі туралы ақпарат барлық облыс орталығынан, республикалық маңызы бар қалалардан және елордадан жиналады. Ол үшін елді мекеннің әртүрлі бөліктерінде орналасқан тауарлардың кең ассортименті бар әртүрлі типтегі сауда объектілері (гипермаркеттер, супермаркеттер, дүкендер, коммуналдық базарлар, әлеуметтік дүкендер мен павильондар) таңдалады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Аялдама павильондары жаңартылуда
  • Адам саудасына қарсы кең ауқымды ақпараттық жұмыс жүргізілуде
  • Қоғамдық кеңесте маңызды мәселелер қаралды
  • Құрылыс саласы мамандарының еңбегі ерен
  • 770 тұрғынды кәсіптік оқыту жоспарлануда
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер