Тұрғындардың арыз-шағымы дер кезінде шешіліп келеді

image.png

Әкімдердің халықпен тікелей жұмыс жасауы – елдегі проблемалардың жылдам әрі сапалы, делдалсыз  шешілуіне ықпал етеді. Елдегі жүзеге асырылып жатқан  «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының мәні мен маңыздылығы да осында. Мемлекет басшысының  тапсырмасын сәйкес Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков тұрғындармен ұдайы кездесу ұйымдастырып, олардың талап-тілектеріне құлақ асып келеді.  

Айталық, әкімнің Әл-Фараби ауданы тұрғындарымен көшпелі кездесуінде көтерілген өзекті мәселелердің бірі – көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын абаттандыру. Әсіресе, тұрғындардың басым бөлігі балалар үшін қауіпсіз әрі заманауи ойын алаңшаларын салуды сұрады. Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, аудан әкімдігі қысқа мерзім ішінде нақты іс-шараларды қолға алды. Нәтижесінде Теріскей шағын ауданындағы 58-көппәтерлі тұрғын үйдің ауласында жаңа балалар ойын алаңшасы орнатылып, пайдалануға берілді делінген Шымкент қаласц әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта. 

Жобаны жүзеге асырушы мердігер мекеме ойын алаңшасын барлық құрылыс және қауіпсіздік талаптарына сай етіп жабдықтады. Алаңшаға балалардың жас ерекшеліктеріне сай түрлі ойын құрылғылары орнатылып, сырғанақтар, әткеншектер, өрмелеу кешендері және басқа да ойын элементтері қойылды. Сонымен қатар, балалардың жарақат алуының алдын алу мақсатында жұмсақ резеңке төсеніштер төселді.

Құрылыс барысында қоршаған орта мен санитарлық талаптарға ерекше мән беріліп, аумақ толықтай абаттандырылды. Алаңша айналасына орындықтар, қоқыс жәшіктері қойылып, жасыл желек отырғызылды. Бұл  - тек балаларға арналған ойын аймағы ғана емес, барлық тұрғындар үшін тынығуға қолайлы қоғамдық кеңістікке айналды.

Сондай-ақ, қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің қатысуымен өткен көшпелі кездесу барысында Шымсити шағынауданындағы №20 үй тұрғындары балалар мен жастарға арналған спорт және ойын алаңшаларын орнату қажеттігін алға тартқан болатын.

Аталған мәселе назардан тыс қалмай, “Абай” коммуналдық мемлекеттік мекемесі тарапынан ойын және спорт алаңшаларын ретке келтіру жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда бұл нысандарды қалалық құрылыс басқармасынан Абай ауданы әкімдігінің балансына өткізу процесі жүріп жатыр.

Тұрғындар игілігі үшін жасалып жатқан жұмыстар жалғасады дейді мамандар. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әлеуметтік нысандардың құрылысы тексерілді
  • Жаяу жүргіншіге де жауапкершілік жүктеледі
  • Аялдама павильондары жаңартылуда
  • Адам саудасына қарсы кең ауқымды ақпараттық жұмыс жүргізілуде
  • Қоғамдық кеңесте маңызды мәселелер қаралды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер