Халықпен жүздесу - билік пен халық арасындағы үндестік

image.png

Мемлекет басшысының әкімдердің өзі басқаратын аумақтың тұрғындарымен жүйелі түрде кезедесіп, ел алдында атқарған және атқаратын жұмыстары туралы есебін беріп, алдағы жоспарларымен бөлісіп, халықтың ұсыныс пікірлеріне құлақ түріп, олардың маңыздыларын жүзеге асыруын міндеттеген жарлығына және «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес барлық деңгейдегі әкімдер тұрғындармен жоспарлы кездесулерін өткізіп,  жеке қабылдаулар жасап жұртшылықтың өтініш-тілектері, арыз-шағымдары мен ұсыныс-пікірлерін тыңдап, олар көтерген мәселелер мен айтқан өтініштерді заң аясында орындауды жүзеге асырып келеді.  Президенттің 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын іске асыру аясында,миллиаоннан астам халқы бар Шымкент қаласын басқарып отырған Ғабит Сыздықбеков қала жұртшылығымен жүздесіп,  талап-тілектерін тыңдап, олардың жүзеге асырылуын өзі қадағалап келеді. 

Осы ретте, қала әкімінің Әл-Фараби ауданы тұрғындарымен кездесуінде Сасбұқаев көшесіне аяқжол салу туралы өтініш түсті. Қала әкімі бұл мәселені дереу назарға алып, бірден жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына тапсырма берді. 

Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің мамандарының таратқан мәліметі бойынша қазіргі таңда өтініш тез арада қаралып, аяқжол салып қана қоймай, аталған көшеге ирригациялық арық та орнатылған. 

Көшпелі кездесуде көтерілген әр мәселе қала басшысының жіті бақылауында. Берілген тапсырма міндетті түрде орындалады дейді салаға жауаптылар.

Сонымен қатар қала әкімінің Исфиджаб тұрғын алабы тұрғындарымен кездесуінде көтерілген мәселелер кезең-кезеңімен шешімін тауып жатыр. 

Азаматтардың ұсыныс-тілектері негізінде Мүслім төбе көшелерінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бүгінде асфальт төселіп, тұрғындардың қауіпсіз және қолайлы жүріп-тұруы үшін аяқжолдар орнатылды.

Тұрғындармен тұрақты кері байланыс  тиімді басқарудың негізгі қағидаларының бірі. Алдағы уақытта да өзекті мәселелер назардан тыс қалмайды.

Жергілікті тұрғындармен кездесу - есеп үшін емес. Әрбір ауданның өзіне тән әрі барлығына ортақ маңызды мәселелері бар.  Ал халықпен жүздесу,  қоғамдық қабылдаулар көптің мұң-мұқтажын шешудің айқын алаңына айналуы билік пен халық арасындағы үндестікті көрсетеді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Аялдама павильондары жаңартылуда
  • Адам саудасына қарсы кең ауқымды ақпараттық жұмыс жүргізілуде
  • Қоғамдық кеңесте маңызды мәселелер қаралды
  • Құрылыс саласы мамандарының еңбегі ерен
  • 770 тұрғынды кәсіптік оқыту жоспарлануда
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер