300 орындық жатақхана салынып жатыр

image.png

Қаңтар оқиғасынан кейін Мемлекет басшысының тапсырмасымен шетелге заңсыз шығарылған активтерді қайтару ісі қолға алынды. Бүгінде бұл бағыттағы жұмыстар жемісін беріп, заңсыз активтерді мемлекетке қайтару жұмысы жандана түскен.  Бастама Әділетті Қазақстан қалыптастыру мақсатында іргелі істердің бірі болып отыр. Ал осы жұмысты заңды әрі жүйелі, табанды түрде атқару үшін Парламент «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» заң қабылдап, оған Президент қол қойған. Қайтарылған активтерді басқару компаниясының» мәліметіне сәйкес, биыл зергерлік бұйымдар, элиталық қолсағаттар, коллекциялық монеталар және жылжымайтын мүлік нысаны есебінен 198 505 235 теңге қаржы түсіпті. «Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» 2023 жылғы 21 қыркүйекте құрылған. Толықтай мемлекет меншігіне тиесілі компания мемлекетке қайтарылған активтерді қабылдап, активтер сатылғанға дейін оларды жалға беру, сенімгерлік басқару, өз бетімен басқару арқылы үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

 «Қайтқан малда қайыр бар» демекші,  қайтарылған активтердің игілігін шымкенттіктер де көруде. Қалада қазіргі таңда қайтарылған активтер есебінен ерекше оқытуды қажет ететін шәкірттерге арналған жатақхана салынуда.  Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес бұл әлеуметтік нысан сөйлеу және өзге де кемістігі бар 300-ге жуық оқушыны заманауи жайлы жатын орынмен қамтамасыз етуге бағытталған. Жатақханада оқушыларға қажетті барлық жағдайлар жасалған. Мұнда медицина кабинеті, спорт, жаттығу, тынығу бөлмелері қарастырылған. Мұның бәрі балалардың денсаулығы, даму ерекшеліктерін ескере отырып жобаланған. Қазіргі уақытта ғимараттың қабырғасын өру жұмыстары жүргізілуде. 

Жобаны осы жылдың желтоқсан айында аяқтап, қалалық Білім басқармасына пайдалануға тапсыру жоспарланған.

 «Жобаны жүзеге асыру мерзімі мен құрылыс жұмыстарының сапасы бақылауда. Халықтың өмір сүруін жақсартуға тікелей әсер ететін жайлы жағдай жасау мақсатында қайтарылған активтерді ел игілігіне жұмсау жұмыстары жалғасып жатыр», - дейді қалалық прокуратура мамандары.

Жобаны жүзеге асыру мерзімі мен құрылыс жұмыстарының сапасы бақылауда. Активтерді жергілікті халықтың игілігіне, өмір сүруін жақсартуға тікелей әсер ететін маңызды жобаларға бағыттау жалғасуда.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Аялдама павильондары жаңартылуда
  • Адам саудасына қарсы кең ауқымды ақпараттық жұмыс жүргізілуде
  • Қоғамдық кеңесте маңызды мәселелер қаралды
  • Құрылыс саласы мамандарының еңбегі ерен
  • 770 тұрғынды кәсіптік оқыту жоспарлануда
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер