Шымкентте Конституция күні кең көлемде тойланбақ

image.png

Осыдан 30 жыл бұрын 1995 жылы 30 тамызда Конституциялық референдум өтті және соның нәтижесінде Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды. Тәуелсіз Қазақстанның төл Ата заңының тарихы 1993 жылдан басталады. Ал қазіргі қолданыстағы екінші Конституция жобасы заң саласындағы ірі тұлғалардың, ғалымдар мен саясаткерлердің қатысуымен 1995 жылы 30 тамызда қабылданған еді.

Осыған орай бүгін Шымкент қаласы әкімінің аппарат басшысы Ержан Сейтеновтің төрағалығымен өткен жиында Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған іс-шаралар жоспары талқыланды. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша  «Ата Заң – Тәуелсіздік тірегі» ұлттық жоспары аясында түрлі форматтағы іс-шараларды қамтитын өңірлік жоспар жүзеге асырылуда. Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, мәдени бағыттағы және жастар бастамаларына, сондай-ақ белсенді ақпараттық сүйемелдеуге басымдық беріліп отыр. 

Мерекелік іс-шаралар 1 тамызда Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы медиация кеңесі мүшелерінің Ашық есік күнінен басталады. 6-29 тамыз аралығында құқық қорғау органдары өкілдерінің, жастардың, білім беру ұйымдары мен мәдениет-өнер мекемелері қызметкерлерінің қатысуымен кездесулер, форумдар, дөңгелек үстелдер, спорттық жарыстар жоспарланып отыр. Ал кітапханаларда танымдық сағаттар өткізіліп, кітап көрмелері ұсынылады. 

Бұдан бөлек Отбасы қолдау және дағдарыс орталықтарында тегін заңгерлік және психологиялық көмек көрсету, қала аумағында тазалық мәдениетін қалыптастыруға арналған «TazaLike», «Менің таза аулам» акцияларын өткізу жоспары бар. Сондай-ақ, зиялы қауым өкілдерінің, қоғам қайраткерлері, Азаматтық қоғам өкілдерінің, мәдениет пен өнер қызметкерлерінің құттықтау челлендждері әлеуметтік желілерде жарияланып, телеарналарда мерекелік бейнематериалдар ұсынылатын болады.

 «Қызғалдақ» сарайында мерекелік салтанатты іс-шара және қаламыздың бес аудан әкімдіктерінің ұйымдастыруымен мерекелік концерттер жоспарлануда. Мақсат – азаматтардың құқықтық санасын арттыру, отбасылық құндылықтарды нығайту және жастар арасында патриотизмді дамыту.

Жиын қорытындысымен жауаптыларға маңызды мерекелік іс-шараларды жоғары деңгейде ұйымдастыру бойынша нақты тапсырмалар берілді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әлеуметтік нысандардың құрылысы тексерілді
  • Жаяу жүргіншіге де жауапкершілік жүктеледі
  • Аялдама павильондары жаңартылуда
  • Адам саудасына қарсы кең ауқымды ақпараттық жұмыс жүргізілуде
  • Қоғамдық кеңесте маңызды мәселелер қаралды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер