Көксайлықтар жаңа пәтерге қоныстанды

image.png

Шымкентте Көксай шағынауданын жаңғырту тұжырымдамасы жалғасуда. Тұжырымдама аясында 66 отбасы тұрғын үй жағдайын жақсартуға мүмкіндік алды.   Тұрғындар тозығы жеткен үйлерден бөлме саны бірдей, әрленген жаңа қонысқа көшірілуде. 

 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай бүгін қала әкімі Ғабит  Сыздықбеков  Конституция күні қарсаңында Нұрлыбаев көшесі 3  мекен жайдағы апатты үйде тұратын тағы 8 отбасына жаңа пәтер кілттерін табыстады.  Тұрғындарды қуанышымен құттықтап, аталған бағдарламаның мегаполисті дамытуда, халықтың өмір сапасын арттыруда маңызы зор екенін атап өтті.  Айта кетейік, Көксай шағын ауданын дамыту тұжырымдамасы аясында  көпқабатты тұрғын үйлермен қатар өзге де  әлеуметтік маңызы бар  нысандарды кезең-кезеңімен салу жоспарланған. Сонымен қатар аталған елдімекенді кешенді түрде абаттандыру қарастырылған.   

Қала әкімінің  тапсырмасымен өткен жылы Көксай шағын ауданын жаңғырту тұжырымдамасын жүзеге асыру қолға алынған болатын. Бірінші кезеңде Реновация бағдарламасы аясында көппәтерлі үйлердің тұрғындарын көшіру болып табылады. Жыл басында  шаһар басшысы Нұрлыбаев көшесінде тұратын  алты отбасыға жаңа пәтерлердің кілтін табыс еткен болатын. Нәтижесінде 14 отбасы тұрмыстық жағдайын жақсартты. Пәтерлер «Green City» тұрғын үй кешенінде орналасқан. Тозығы жеткен тұрғын үй иелері жаңа ғимараттан көлемі мен бөлмелері бірдей пәтер алады. Тұрғын үй дайын күйінде беріледі. Осылайша, өткен жылы қолға алынған шағын ауданды жаңғырту тұжырымдамасы тұрғын үй қорын жаңартудың заңды жалғасы болды.   

Жалпы Мемлекет басшысының  халықты баспанамен қамту бойынша берген тапсырмасы аясында Шымкент қаласында тұрғын үй құрылысы қарқынды жүргізілуде. Мамандардың дерегінше құрылыс басқармасы тарапынан биыл 283,5 мың шаршы метрді құрайтын 3 592 пәтерлі 57 көпқабатты үйдің құрылысын жүргізу жоспарлануда. Жыл соңына дейін Тұран шағынауданында 16 үй Бозарық шағынауданында 36 үй, Ақжайық шағынауданында 5 үй салынады.    Аталған тұрғын үйлер кредиттік пәтерлер ретінде бірқатар санаттар бойынша кезекте тұрған азаматтарға беріледі.    Өткен жылы 161,9 мың шаршы метрді құрайтын 55 тұрғын үй құрылысы аяқталып, баспана кезегіндегі тұрғындарға берілді.   Сонымен қатар жастарға және халықтың әлеуметтік осал топтарына пәтерлер нарықтан сатылып алынады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Көксайлықтар жаңа пәтерге қоныстанды
  • Көліктің «дәрігері» - автослесарь
  • «Таза Қала» атты профилактикалық іс-шарасы: Тазалық пен тәртіп- басты назарда
  • Президент Антониу Гутерришке алғыс айтты
  • Зауыттың тірегі – жұмысшы мамандар
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер