Әке аманатын арқалаған ғалым

image.png

Адал еңбек мұратқа жеткізеді. Дәл осы нақыл келесі кейіпкеріміздің өмір жолына саяды.  Небәрі 29 жасында докторлық диссертация қорғап, жастық ынта-жігерін оқуға, тоқуға жұмсаған Ақмарал Өтелбаева бүгінгі жастарға үлгі боларлықтай жан. Ол М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің «Химия» кафедрасының доценті, химия ғылымдарының докторы.  «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы -2023» байқауының жеңімпазы. 

Кейіпкеріміздің әкесінің есімі Оңтүстік жұртшылығына жақсы таныс. Ол – ғылым саласына сүбелі үлес қосқан, химия ғылымдарының докторы Болысбек Өтелбаев. Ол ұзақ жылдар аталған университетте проректор қызметін атқарған. 

«Менің ғылымға, химия саласына құштарлығымды оятқан әкем. Мектепте оқып жүргенімде оның зертханада күні-түні ізденіп, зерттеулер жүргізгеніне қызыға қарайтынмын. Өзі де ағайынды төртеуміздің басымызды қосып: «Менің еңбектеріме біреуің иелік еткендеріңді, ізімді жалғағандарыңды  қалаймын» деп айтұаны бар еді. Үйдің үлкені ретінде әке аманатын мойныма алдым. Ғылым жолына таңдауыма тек  аманаты себеп болған жоқ. Бұл салаға өзімнің жаным құмар болды»,- дейді кейіпкеріміз. 

 2002 жылы М.Әуезов атындағы ОҚУ-да химия мамандығы бойынша  үздік бітірген түлек, одан әрі ізденіп, 2005 жылы Алматыдағы Ә.Бектұров атындағы Химия  ғылымдары институтының аспирантурасында кандидаттық диссертациясын қорғайды. Жас ғалымның «Бензин құрамындағы ароматты көмірсутектерді нафтендерге айналдыру» тақырыбындағы зерттеуі ғылым құндылығымен ерекшеленіп, 2010 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Ғылыми кеңесінде химия ғылымының докторлық дәрежесін ойдағыдай қорғап шығады. Дәл осы ғылыми жаңалығы үшін 2014 жылы ҚР Жас ғалымдар стипендиясын иеленген. 

Жас та болса үлкен жетістіктерге жетіп үлгерген Ақмарал Болысбекқызы  қазіргі таңда өзі білім алған оқу орнында білікті оқытушы. Әрдайым ізденісте жүретін жас ғалымның еңбектері 250-ден астам ғылыми басылымдарда жарық көрген. Сондай-ақ оның қазақ тілінде жазылған «Элементтер химиясы», «Химия» атты жоғары оқу орындарына арналған оқу құралдары республиканың түкпір-түкпіріндегі ЖОО-да қолданыста жүр.  Ізденістен, зерттеуден талмайтын жас маман бүгінде  ғылым саласында, ұстаздық жолында өзін мойындатқан  жан.  

Ғылым қуалаған ұстаз жолдасымен бірге 1 ұл, бес қыз тәрбиелеп отырған көпке үлгілі отбасының бірі.  

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • 40-тан астам адам тұрақты жұмысқа орналасты
  • 25 жылын құрылысқа арнады
  • Сапалы жолдар - білікті маманның жемісі
  • 25 колледждің базасы нығаяды
  • Текесу тұрғын алабына 14 шақырым су құбыры жүргізілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер