Технолог мамандар - зауыттың тірегі

image.png

Жалпы еңбек туралы айтқанда адамзаттың ғасырлар бойы жинақтаған еңбек жөніндегі ұлағатты сөздерге сүйеніп жатамыз. Иә, адамды адам еткен еңбек екені әлімсақтан белгілі. Жарық дүниеге келген адам өзінің ғұмырында қолынан келгенше қызмет жасайды, еңбектенеді, тырбанады. Біз білетін еңбектің қай түрі де құрметті. Соның ішінде зауыт-фабрикаларда қызмет ететін жұмысшылардың еңбегі ерен. Зауыттағы тіршілік – құмырсқаның илеуіне ұқсайды. Сырты тыныш болғанымен, ішінде қайнаған жұмыс, еңбектеніп жүрген қызметкерлерді көресің. Ия өндірілген бір тауар қаншама еңбек адамының қолынан өтеді. Сондықтан мұндағы жұмысшылар бір тынған емес. Кәсіпорын, зауыт, фабрикалардың жұмысы н технолог мамандарсыз елестету мүмкін емес. Зауыттың жүрегі саналатын бұл мамандық иелеріне артылар жүк көп. Шымкенттегі «Нұртау» зауытының технологы – Бейнегүл Есқали  мұны жақсы түсінеді.  

  Жас маман – өндірісте тәжірибе жинақтап,  сатылап өсіп келе жатқан қызметкердің бірі. Жоғары оқу орнын технолог мамандығы бойынша бітірген. Дипломын қолға алған соң екі қолға бір күрек табу мақсатында мемлекеттік мекемелерге жүгінеді. Нәтижесінде олар жас маманды «Жастар практикасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында зауытқа лаборант етіп жұмысқа орналастырады. Қызмет барысында өзін жақсы жағынан көрсетіп, еңбекқорлығымен, жауапкершілігімен танылады. Табанды еңбектің нәтижесінде технолог дәрежесіне көтеріледі.  

 «Қазір біздің компания чупа-чупстың төрт түрін шығарады. Балалардың сүйікті өнімін ұлттық брендке айналдыру үшін сүт секілді ұлттық басқа дәмдерді қосып тағы төрт түрін шығаруды жоспарлап отырмыз. Жұмысым өзіме ұнайды. Қызығы мол. Қиындығы көп деп айта алмаймын. Бұл мамандықты таңдағаныма өкінбеймін. Жастарға айтарым жұмысшы мамандықтарды таңдаудан қашпаңыздар. Мұндай мамандықтарға қазіргі таңда сұраныс көп», -дейді ол. 

 Қазіргі таңда Бейнегүл технологиялық үдерістердің дәлдігін, құрал-жабдықтардың жұмыс тәртібін бақылап, өнім сапасына жауап береді. Ол үшін бұл – тек мамандық емес, үлкен жауапкершілік жүктейтін іс. Ұжым арасында сыйлы маман отандық өндірісті дамытуға үлес қосуды мақсат етіп отыр. 

Еңбек адамды қашан да бақытқа бөлейді» деген сөз бекер емес. Адал еңбектің арқасында әр адам өз бақытын табады. Өзіне ғана тиесілі, өзіне ғана лайық жолмен жүріп, тірлік жасайды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Құрыш қолды құрылысшы
  • Тазалық бар жерде береке бар
  • 40-тан астам адам тұрақты жұмысқа орналасты
  • 25 жылын құрылысқа арнады
  • Сапалы жолдар - білікті маманның жемісі
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер