Құрыш қолды құрылысшы

Изображение WhatsApp 2025-08-08 в 17.03.33_c68cabee.jpg2025 жыл Қазақстанда «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланып, еңбек адамының мәртебесін көтеруге ерекше көңіл бөлініп отыр. Бұл – тек бастама емес, қоғамдағы көзқарасты өзгертуге бағытталған маңызды қадам.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамымызда еңбек адамы бірінші орында тұруға тиіс екені, шын мәнінде, барлық жетістіктің бастауы – адал еңбек және іскерлік екенін атап өтті.

Адамды адам еткен еңдек. Елдің көркейіп, күннен күнге таза, әдемі, дара жолмен дамуы күн сайын тырбаңдап, маңдай терін төккен миллиондаған қазақстандықтық еңбек адамдарының арқасында. Олар қауіпсіздік, тазалық, саулық, тәртіп үшін жауапты. 

Құрылыс саласы ел экономикасының негізгі тірегі. Бұл салада ешқашан тоқтау, тоқырау болған емес. Бүгінде бұл салада мыңдаған адам еңбек етеді. Солардың бірі Мекенбай Есімов.  Ол өз ісіне адал, табанды еңбегімен танылған құрылысшы. бірнеше жылдан бері Шымкент қаласындағы «КДСМ» ЖШС құрылыс компаниясында құрылысшы болып еңбек етіп келеді. 

Қаршадайынан еңбектің қазанында қайнап, бүгінде тіс қаққан құрылысышыға айналған. Өз ісінің шебері ретінде әрбір нысанның сапалы әрі уақытылы салынуына үлес қосып жүр.   

Жалпы, құрылысшы – барлық саланың негізін қалайтын мамандық. Жол, мектеп, аурухана, тұрғын үй – бәрі де осы маман иелерінің маңдай терімен бой көтереді. Құрылысшының қолынан шыққан әр нысан – ел дамуына қосылған нақты үлес, келер ұрпаққа қалатын игілік.

Сондықтан осы салада еңбек етіп жүргенін  Мекенбай Сүйінбекұлы мақтан тұтады. Ол қажырлы еңбегінің  арқасында ол “Елеулі еңбегі үшін” төсбелгісімен де  марапатталды.

Қаламыздың жалпы оңтүстік өңірдің дамуына сүбелі үлес қосып жүрген Мекенбай Есімов сынды қарапайым жұмысшылар   –  бүгінде жастарға үлгі.

Соңғы жылдары Шымқала түрелніп келеді. Келбеті келісті еңселі ғимараттар бой түзеді. Соның барлығында Мекенбай Сүйінбекұлы  секілді құрыш қолды құрылысшылардың еңбегі жатыр. Кейіпкеріміз бойда қуат болса ел қуанышымын еселеп, әлі талай ғимараттар тарту етпек. 

Қоғамдағы стереотиптерді жойып, жұмысшы мамандықтарының беделін көтеру – барлығымыздың ортақ міндетіміз. Еңбек адамы – тек қарапайым жұмысшы ғана емес, ол – өз ісінің шебері, мемлекет үшін баға жетпес құндылық. Бүгінгі еңбек адамы – елдің экономикалық қуатын арттыратын, болашақ ұрпаққа үлгі болатын тұлға. Оның еңбегі әрдайым лайықты бағалануы тиіс!


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Құрыш қолды құрылысшы
  • Тазалық бар жерде береке бар
  • 40-тан астам адам тұрақты жұмысқа орналасты
  • 25 жылын құрылысқа арнады
  • Сапалы жолдар - білікті маманның жемісі
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер