Құрылыс салып, шәкірт тәрбиелеген жан

image.png

Құрылысшы кәсібі – нағыз қоғамға керек, қадірлі мамандық. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев бұл жөнінде: «Қоғамда жұмысшы мамандығының беделі мен мәртебесін арттыруымыз керек. Қандай жұмыс болмасын, егер ол адал әрі кәсіби деңгейде атқарылса, құрметке лайық», – деп атап өткен болатын.

Құрылысшы – тек кірпіш қалап, бетон құйып қана қоймайды. Ол – инженерлік есеп жүргізуші, сапаға жауапты маман, қауіпсіздік пен беріктік кепілі. Еліміздегі тұрғын үй құрылысы, инфрақұрылым мен жол саласы – құрылысшылардың ерен еңбегінің нәтижесі. Талай жылын осы салаға сарп еткен жанның бірі – Нұрмахан Қалаубаев. отыз жылдан аса уақытын құрылыс саласына арнаған. Ол еңбек жолындағы 20 жылын алып ғимараттар мен күрделі құрылыс саналатын стартегиялық нысандар салуға жұмсаған. Жасы 65-тен асса да сүйікті кәсібінен әлі қол үзбепті. Соңғы 10 жыл білім ордасында тәлімгерлік етіп жүр.

«2015 жылы Шымкент қаласындағы Манап Өтебаев атындағы жоғарғы жаңа технологиялар колледжінде өндірістік оқыту шебері болып жұмыс істеймін. 2017-2022 жылдар аралығында облыстық, қалалық студенттерге арналған  чемпионаттардың бас сарапшысы болдым. Мен өз 

мамандығымды жақсы көремін. Біздің ізімізді білімді, білікті жастар жалғастырады деп сенемін.  Сондықтан да оларды оқытудан шаршамаймын. Жастарды кәсіби білім алуға шақырамын," - дейді Нұрмахан Қалаубаев.

     Шәкірттерін тек білімге баулып қана қоймай айналып-толғанып отыратын ағамыз оқу орнында сыйлы, беделді азамат. Өз ісіне тиянақты, тәжірибесі мол маманның жастарға берері көп. 

 Құрылыс –өмірі өшпейтін жұмыс. Жақсы дамыған, барлық уақытта да жүріп жатады. Құрылысшы мамандығы  қазіргі уақытта ең қажетті мамандықтың бірі деп есептеледі. Бізде жылына бір  группа таза құрылысшы мамандығы бойынша келеді. Группа өзі 25 болуы керек. Екіге бөлініп, жұмысты жүргіземіз. Өткен ғасырдың 70-жылдары құрылысқа қызыққан жастар көп болды. Бүгінде сондай үрдіс қайталануда. Себебі елімізде құрылыс саласы дамып келеді»,- дейді кейіпкеріміз.

Құрылысшы мамандығы – ең ежелгі мамандықтардың бірі. Өйткені адам баласы жаратылғаннан бері басына баспана тұрғызып, тірлік жасаудың харекетін қылғаны айтпаса да түсінікті. Бар игілігімізге қажетті ғимараттар осы құрышбілек құрылысшылардың қолымен тұрғызылды. Сондықтан да олардың еселі еңбектері қашан да ескерілуге лайық. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдердің белсенділігі – қоғам дамуының айнасы
  • Масылдықты еңбек қана жеңбек
  • Тұранның тұрғындары риза
  • «Таза Қазақстан»: Шымкентте қала тұрғындары мен жастар кең ауқымды экологиялық акцияға белсене қатыс
  • «Таза Казахстан»: жители Шымкента и молодежь приняли активное участие в масштабной экологической акц
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер