Жеңіл өнеркәсіп – мемлекеттік экономикасының дамуына зор үлес қосатын маңызды сала. Сондықтан, бұл салаға қажетті жұмысшы мамандарды даярлау күн тәртібіндегі мәселе. Шымкент қаласындағы индустриялық-инновациялық дамуына сәйкес тігін және тоқыма мамандарын даярлап келе жатқан оқу ордаларының бірі. «Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжі» МКҚК базасында «Сән технологиясы құзіреттілік орталығы» жұмыс істейді. Аталған орталық қазіргі таңда республикалық WorldSkills чемпионатының «Сән технологиясы» бағыты бойынша ресми оқу-жаттығу алаңшасы болып табылады. Орталықтың басты мақсаты – студенттерді халықаралық деңгейдегі WorldSkills және EuroSkills чемпионаттарына кәсіби тұрғыда дайындау.
2025 жылдың 6–14 қыркүйегі аралығында Дания мемлекетінде өтетін EuroSkills Herning 2025 чемпионатына қатысу жоспарланып отыр. Аталған халықаралық додаға еліміздің намысын қорғау мақсатында колледждің маманы, халықаралық сарапшы Бекманова Меруерт Гаухарқызы жеңімпаз студенттерді 5 модуль бойынша жүйелі түрде дайындап келеді.
Аталған колледжде 2 мамандық бойынша 32 кәсіпорынмен келісім-шарт жасалынған. Атап айтқанда: «ASTANA Ютария ltd» , «SABTEX», «Томирис», «Жанаталап-МТ», «Alatex», «Эко-Фарм», «SUNTEX» ЖШС , МҚ «Көмек – Болашақ», «АГФ групп», «Гауһар» тігін фабрикасы, «KazTexindustry», «KazFinancialGroup», «Sagitex», «Семирамида»ЖШС , «Әлем-БТ», «Шымкент Кашемир», «КазОптЮг», «Azala Textile», «Azala Cotton» және «DALA-CONSTRUCTION.KZ», «Назар-Текстиль», «Бал-текстиль» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері және тағы да басқа.
Колледжің базасын нығайту мақстаныда 2020 жылға республикалық бюджеттен 371 млн. теңге бөлінген. Оның ішінде колледж 274 млн.теңге сомасына WorldSkills халықаралық чемпионатының стандарттарына сәйкес келетін Жапония, Италия өндірген соңғы буын тігін жабдығы сатып алған. Жапондық "JUKI" компаниясының жаңа жабдықтары "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағында орналасқан колледждің 10 оқу-өндірістік шеберханасында және Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданында, қала орталығында орналасқан колледждің 5 оқу-өндірістік шеберханасына орналастырылды. Колледждің 40 маманы сатып алынған жабдықтармен жұмыс істеу бойынша оқудан өтіп, сертификаттар алған.