Қазақстан теміржол инфрақұрылымы қарқынды дамуда

image.png

«Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірінші кезектегі инфрақұрылымдық проблемаларды шешу қажеттігіне назар аудартты. 

«Көлік-логистика секторын дамыту – стратегиялық мәні айрықша басымдық. Еліміз Еуразия құрлығының дәл ортасында орналасқан. Бұл – бізге әлемдік бәсекеде зор мүмкіндік беретін артықшылық. Сондықтан көлік инфрақұрылымына салынып жатқан әрбір инвестиция өзін-өзі ақтайтыны сөзсіз. Біз кейінгі ұрпаққа жоғары сапалы авто және теміржолдарды қалдыруымыз керек. Сондай-ақ тиімді жұмыс істейтін әуе хабтарын, теміржол бекеттері мен теңіз порттарын салуымыз қажет. Бұл ретте бірқатар кешенді мәселені шешкен жөн. Теміржол саласында реформа жасау үшін тариф жүйесі қайта қаралуы керек. Бұл  айдан анық нәрсе. Жаңа тарифтер теміржол желісін қалыпты жағдайда сақтауға және оның тасымал қабілетін арттыруға мүмкіндік береді. "Қазақстан темір жолы" компаниясы үш ірі инфрақұрылымдық жобаны қолға алды, яғни теміржол салып жатыр. Оның жалпы ұзындығы мың шақырымнан асады. Бұл жобалар бекітілген мерзімде және өте сапалы іске асырылуға тиіс. Әрине, мұнда саннан гөрі сапа маңыздырақ. Сол үшін инновациялық заманауи әдіс-тәсілдерді кеңінен қолданған абзал»- деді Президент. 

Бүгінде осы бастамаларды жүзеге асыру жұмыстары қарқынды түрде жүруде. Теміржол саласында ұзындығы 1,3 мың шақырымнан астам 4 жоба жүзеге асырылып жатыр: «Достық – Мойынты», Алматы айналма жолы, «Дарбаза – Мақтаарал» және «Бақты – Аягөз». 

Биыл Алматы айналма жолы мен «Достық – Мойынты» учаскесінің екінші жолдары аяқталады, бұл жүк тасымалы көлемін бес есеге арттыруға мүмкіндік береді. «Транс-Қазақстан теміржол дәлізі» ауқымды жобасы іске қосылды «Мойынты – Қызылжар» учаскесін (366 шақырым) салу және 1,6 мың шақырым жолды жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.  Алдағы 5 жылда 16 мың шақырым жол салу және жөндеу жоспарлануда.

«Сондай-ақ 125 вокзал жаңғыртылуда. Ғимараттардың қасбеттерді, инженерлік желілері, залдарды, платформалары жаңартылуда, мобильділігі төмен азаматтар үшін қауіпсіздік жүйелері мен ыңғайлы жағдайлар жасалуда. Биыл жолаушылар вагондарының паркі 175 бірлікке толықтырылады, оның ішінде Stadler компаниясының 51 вагоны бар», 

 — деп атап өтті Мақсат Қалиақпаров.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте бір күнде 172 тонна қоқыс шығарылды
  • Үшінші мегаполисте дарынды балаларға арналған лагерь ашылады
  • Қазақстан теміржол инфрақұрылымы қарқынды дамуда
  • Таңмен таласа оянатын мамандар
  • В Шымкенте члены АНК поддержали 532 школьника в рамках акции «Дорога в школу»
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер