Әлеуметтік көмек енді «скоринг» әдісімен беріледі

image.png

Мемлекет басшысы әлеуметтік көмек түрлерін мұқтаж жандарға әділ берілуін қадағалауды тапсырған болатын. Осыған орай елімізде әлеуметтік қолдаудың жаңа тәсілі енгізілуде. Бұған дейін көмек республикалық және жергілікті деңгейде көрсетілгенімен, өңірлер арасында айырмашылықтар байқалатын: бір аймақта көлемді қолдау көрсетілсе, басқа өңірде ол аз болатын. Осы олқылықты жою мақсатында мемлекет әлеуметтік көмекті әділ бөлуді қолға алды. 

Шымкент қаласы әкімдігінің ресми өкілі, қала әкімінің орынбасары – Сәрсен Құранбек жаңа жүйе бойынша көмек әр отбасының нақты жағдайына қарай берілетінін брифинг барысында айтты. Ол үшін «скоринг» әдісі енгізіліп отыр. Бұл тәсіл отбасының табысын, баспанасы мен көлігінің болуын,  жалпы материалдық жағдайын есептеп қана қоймай, материалдық емес факторларды – отбасылық әлеуетті, өзін-өзі жүзеге асыру мүмкіндігін де бағалайды. Нәтижесінде - отбасылар әл-ауқат деңгейіне қарай алты санатқа бөлінеді.

Мемлекеттік қолдау бірінші деңгейден бесінші деңгейге дейінгі санаттағы отбасыларға көрсетіледі. Ал алтыншы деңгейге жататын, табысы жоғары отбасылар жергілікті бюджеттен көмек алмайды. Мәселен, егер отбасы бірнеше пәтерге, екі автокөлікке иелік етсе немесе әр мүшесіне шаққандағы табысы айына 185 мың теңгеден асса, ол мұқтаж ретінде қарастырылмайды.

Қазіргі уақытта жаңа жүйе пилоттық жоба ретінде Қарағанды облысында және Шымкент қаласында іске асырылып жатыр. Жүйенің ерекшелігі – азаматтардан өтініш талап етілмейді. Ақпараттық база отбасын автоматты түрде тексеріп, егер көмек қажет деп танылса, азаматқа SMS-хабарлама жібереді. Көмек алу үшін тек SMS арқылы келісім беру жеткілікті.

Пилоттық жоба аясында 11 қызмет автоматтандырылған түрде көрсетіледі. Олардың қатарында мектеп оқушыларына тегін тамақтану, студенттерге жатақхана және тегін ас беру, жазғы лагерьге жолдама ұсыну, тұрмысы төмен отбасыларға тұрғын үй көмегі, жалдамалы пәтер үшін субсидия төлеу, мүмкіндігі шектеулі балаларды үйде оқыту шығындарын өтеу сияқты әлеуметтік қолдау түрлері бар.

Бұл өзгерістердің негізгі мақсаты – әлеуметтік көмекті әділ бөлу, оны шын мәнінде мұқтаж жандарға жеткізу. Жаңа тәсіл артық құжат жинауды қысқартып, процесті жеңілдетеді және халықтың әлеуметтік қолдауға уақтылы қол жеткізуін қамтамасыз етеді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • В Шымкенте молодёжь Ассамблеи укрепляла единство и дружбу
  • «Ассамблея жастары» Шымкент төрінде
  • Шымкентте бір күнде 172 тонна қоқыс шығарылды
  • Үшінші мегаполисте дарынды балаларға арналған лагерь ашылады
  • Қазақстан теміржол инфрақұрылымы қарқынды дамуда
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер