Әділетті Қазақстанның қажырлы маманы

image.png

«Әділетті Қазақстанда еңбек адамына ерекше құрмет көрсетілуге тиіс. Әсіресе ұстаз, дәрігер, тәртіп сақшысы, құтқарушы,  шаруа сияқты мамандардың мәртебесін одан әрі арттыра түсуіміз қажет. Олар еліміздегі ең сыйлы азаматтарға айналуы керек. Осы кәсіп иелері тиісті құрмет пен сыйға ие болғанда ғана қоғамымыз шынымен жаңарды деп айта аламыз». Ия бұл  Мемлекет басшысының ұлықтау рәсімінде сөйлеген сөзі. Ия расында да нағыз қаһармандар біздің ортамызда күнделікті қызмет етіп жүр. Сондай жанның бірі - Дәулет Ермеков. Ол - Шымкент қаласы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі. 

Азаматтардың қауіпсіздігін сақтау жолында 18 жыл аянбай тер төгіп келе жатқан полицей үшінші мегаполистің жедел уәкілдерінің ең үздігі. Осы уақыт аралығында оның жүргізген іздестіру шараларының нәтижесінде жүздеген заңды елемегендердің әрекеті әшкереленіп, қылмыскерлер құрықталған. Осылайша ол Әділетті Қазақстанды құруға үлесін қосып келеді. 

«Жедел уәкіл  тергеу жұмыстарының «ең алдыңғы шебінде» жүретін қызметкер. Сондықтан біз әрқашан қауіпті және төтенше жағдайларға дайын болуымыз керек. Бұл үшін үнемі спортпен шұғылданып, физикалық даярлығымызды жетілдіріп жүруге тиіспіз. Елге қызмет  ету- ер азаматтың борышы», — дейді полицей.

Тәртіп сақшысы спортта да осал емес, оқ атудан Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері. Бұдан бөлек, велоспортпен айналысады және тау шыңдарына шығудың әуесқойы.

Қызметтегі жетістіктері үшін Ішкі істер министрлігі мен қалалық полиция департаментінің тарапынан бірнеше рет марапатқа ие болған Дәулет Маликұлы ең басты жетістігі – әрдайым өзін қолдайтын отбасы деп біледі. 5 баланың әкесі жұмыс борышына байланысты жанұясының жанында көп бола алмаса да, әрқашан олардың қолдауы мен ыстық ықыласын сезеді.

«Полицияның гвардиясы саналатын біздің қызметте басты міндет – қылмыспен күрес. Ішкі істер органдарына қабылданғалы бері жедел уәкіл қызметін атқарып келе жатқан мен бұл қатарда тек үнемі кәсіби шеберлігін шыңдап жүруге дайын, жанқияр қызметкерлер қалатынын сеніммен айта аламын», — дейді ол. 

Жедел уәкілдің қызметі – күнделікті қажырлы еңбек, өз ісіне берік рухы мықты адамдар ғана көтере алатын жауапты да қауіпті жұмыс. Дәулет Маликұлы – қажырлы, адал  еңбектің жарқын үлгісі. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Социальные объекты под контролем: школы и больницы Шымкента полностью готовы к зиме
  • Колледждердің беделі артып келеді
  • Жұмысшы мамандықтар бойынша мемлекеттік білім беру тапсырыстары ұлғаяды
  • Кітапхана ісін ілгерілеткен маман
  • Әділетті Қазақстанның қажырлы маманы
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер