Кітапхана ісін ілгерілеткен маман

image.png

Сан түрлі мамандықтар бар, бірақ кітапханашы мамандығы бұл өзінің өте қызықты да, тартымдылығымен ерекшеленеді. Осы ретте  қасиетті қазынамызды көздің қарашығындай сақтап, насихаттап, ел игілігіне жаратып жүрген білікті басшы, білімді маман -  Анар Жаппарқұлова туралы өрбітеміз.

1977 жылы дүниеге келген айтыскер ақын Ясауи атындағы ХҚТУ-дың филология факультетін бітірген. «1999 жылдың ең үздік ақыны» атанып, облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталған. Облыс әкімі тағайындаған «Зерде» стипендиясының иегері. 1998 жылдан бастап Ясауи атындағы ХҚТУ Шымкент институтында, Академиялық инновациялық университетінде, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтта қазақ тілі және қазақ әдебиеті кафедрасында аға оқытушылық қызметтерін атқарған. 2011 дылы ОҚМПИ қазақ тілі және қазақ әдебиет кафедрасында аға оқытушы болған. Бүгінде  Шымкент қалалық 'Фараб' ғылыми әмбебап кітапханасының директоры қызметін атқаруда.  «Елімізде 24 қазан кітапханашылар күні болып бекітілді. Кітапхана қызметкерлерінің еңбегіне құрмет көрсету мақсатында кітапханашылардың төл мерекесі болғаны орынды. Бұл кітапханашылардың мерейін өсіріп, жұмысқа деген құлшынысын арттырады. Бүгінде кітапханаға жастарды  тарту үлкен мәселе болып отыр. Кітапханаға жастар мүлдем келгісі келмейді деп айта алмаймын, дегенмен маман тапшылығы бар. Кітапханашы мамандығын Шымкентте М.Әуезов атындағы ОҚУ және Ж.Тәшенов атындағы университет дайындайды екен. Бұл мамандыққа грант өте аз бөлінетінін байқаймыз. Сондықтан алдағы уақытта кітапханаға жастарды тартамыз десек, онда осы мамандыққа мемлекеттік гранттарды көбірек бөлуіміз қажет. Бүгінде рухани өміріміздің өзегі іспеттес ғылымды көпшілік оқырманға, ертеңгі ел тізгінін ұстар  жеткіншек ұрпаққа насихаттауда, рухани-мәдени байлығымызды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші кітапхана болса, сол байлықты өз оқырманына таныстырып, табыстырушы, өзіндік тұлға ол – кітапханашы. Бізде кітапхана қызметкерлеріне әдістемелік және тәжір белік көмек көрсететін бөлім жұмыс істейді»,- дейді кейіпкеріміз. 

Жастарды кітап оқуға баулып және кітапханашы мамандардың кәсіби тұрғыдан өсуіне жағдай жасап, кітапхана ісін ілгерілетуге үлес қосып  жүрген маман Анар Абусайылқызы 'Қазақстанның құрметті кітапханашысы' төсбелгісімен марапатталған.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Социальные объекты под контролем: школы и больницы Шымкента полностью готовы к зиме
  • Әкенің өнегелі жолы ұрпағына үлгі
  • Колледждердің беделі артып келеді
  • Жұмысшы мамандықтар бойынша мемлекеттік білім беру тапсырыстары ұлғаяды
  • Кітапхана ісін ілгерілеткен маман
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер