Кәсіподақ қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

image.png

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы 2025 жылды еңбек адамын дәріптеу, оны құрметтеу әрі насихаттау ретінде “Жұмысшы мамандықтар” жылы деп жариялады. Бұл еліміздегі адал еңбектеніп, маңдай терін төгу арқылы қоғамға қалтқысыз пайдасын тигізіп жүрген еңбек адамдарына деген зор құрметтің белгісі деп есептейміз. Еңбек адамдарын құрметтеу - қоғам дамуының негізі. Еліміздегі қарқынды дамып келе жатқан Шымкент қаласы нағыз еңбекқор жандардың ордасы десек қателеспейміз. Шаһардың гүлденуіне, өркендеуіне адал қызметімен өз үлестерін қосып жүрген жандар аз емес.   

Осы орайда  «Қызмет» салалық кәсіподағының мүшелік ұйымы - Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасында «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Елемесұлы Әуесханов және басқарманың басшысы Нұрбол Жүнісбеков пен бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Әбдімәлік Балбаев кәсіподақ мүшелерімен кездесіп, «Қызмет» салалық кәсіподағының ХІІ-съезінің шешімдерімен таныстырып, салалық кәсіподақ қызметінің 2025-2030 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру мәлелелеріне тоқталып, жиын қорытындысында басқарманың қызметкерлеріне құрмет көрсетіп, басқарманың бірқатар қызметкерлеріне кәсіподақ наградаларын табыстады.

Атап айтқанда:

- басқарма басшысының орынбасары Төлебаев Көпжан «Еңбек озаты» төсбелгісімен; 

- басқарманың әдіскері Тұрсынбекова Ұлжан «Құрмет грамотасымен»;

- басқарманың әдіскері Тұрғанбек Ақерке «Алғыс хатпен» марапатталды.

Жиын соңында басқарманың басшысы Нұрбол Жүнісбеков «Қызмет» салалық кәсіподағының атына шынайы алғысын білдіріп, оның алдағы қызметтеріне сәттілік тіледі.

Жұмысшы мамандықтар жылы тек атаулы жыл емес, сан жылдар бойы көп еленбей келген қарапайым еңбек адамдарына деген шынайы құрметтің белгісі. Бұл бастама жұмысшы мамандықтарды дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болып қалыптасу идеясын насихаттауды көздейді. Жұмысшы мамандықтар – елдің тыныс-тіршілігін қалыптастырып тұрған көзге көрінбейтін, бірақ сезілетін күш. Бақуатты тұрмыстың кілті – еңбекте.Әр адам өзінің қалаған мамандығын таба білсе, еңбегі жанады, сол жолда бақытқа, құрметке бөленеді, еңбегінің жемісін жейді.Қоғамның сан түрлі саласында еңбек етіп, сол бағытты алға жылжытуға үлес қосып жүрген жандар қашанда құрметке лайық.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «KazFerroGroup» кәсіпорнының еңбеккерлерімен жүздесті
  • Таңмен таласа оянған еңбек адамы
  • Медали и благодарственные письма вручили шымкентцам на торжестве в честь 30-летия Конституции
  • Шымкентте Ата Заң айбыны асқақтады
  • Гинеколог - қиындықтардан қорықпайтын, мықты мінезді мамандар
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер