Дуальді оқыту – кадрлар даярлаудағы жаңа мүмкіндіктер

image.png

«Жұмысшы мамандықтар жылы»  аясында елімізде оқу орындары мен кәсіпорындар арасындағы байналыс нығая түспек.  Осы орайда  Шымкент қаласындағы білікті мамандарды даярлап отырған М.Әуезов атындағы ОҚУ-дың   «Энергетика және баламалы энергетикалық жүйелер» кафедрасының студенттері дуальді оқыту жүйесі аясында қаламыздағы бірегей  «Asia Trafo» кәсіпорнында білім алып, тәжірибеден өтуде. Бұл әдіс теорияны өндірістік тәжірибемен ұштастырып, білікті мамандар даярлауға жол ашады.

     «Asia Trafo» кәсіпорны бұл - трансформаторлық құрылғыны жасау жөніндегі Орталық Азиядағы ең ірі зауыт қана емес, сонымен қатар,  жас мамандарға жаңа мүмкіндіктер сыйлайтын, тәжірибе жинақтауға жол ашатын, алғашқы кәсіби дағдыларға қадам бастыратын, нағыз маман болуға жағдай жасайтын кәсіпорын. Дуальды оқыту жүйесі шеңберінде енді студенттер бір мезгіл оқу орнында білім алса, бір мезгіл зауыт базасында білімдерін жетілдіретін болады. 

«2020 жылдан бері біздің зауыт М.Әуезов университетімен тығыз байланыста жұмыс жасап келеді. Дуальды оқыту жүйесі бойынша біздің кәсіпорында студенттерге барлық жағдайлар жасалған. Мұнда шәкірттерге жеке аудитория қарастырылған. Аудиторияда студенттер түске дейін теорияны үйренсе, түскен кейін зауыттың арнайы киімін киіп, өндіріс ошағының ортасында мамандармен бірге тәжірибе жинап, жұмыс істеп көреді. Студенттеге мұнда тегін түскі ас беріледі және транспорт жағы да қарастырылған. Ал,  қала аумағынан алыс тұратын студенттер үшін жатақхана қарастырылған»,- дейді  зауыттың техникалық директоры  Дәуірбек Атеев.

Мұнда әр студентке жетекші бекітіледі.  «Жетекшілеріміз өте білікті, білімді, нағыз кәсіби шеберлер. Олар  - бізге жылдар бойы жинаған тәжірибелерімен бөлісіп, бағыт-бағдар беруде. Бұл біз үшін өте құнды тәжірибе»,- дейді студент  Әліпбай Бақытжан. 

Мамандардың пікірінше, дуалды оқыту – еңбек нарығында сұранысқа ие, кәсіби білікті  жұмысшы мамандарды даярлаудың ең тиімді форматы. Бұл әдіс студенттерді бәсекеге қабілетті маман ретінде даярлауға мүмкіндік береді.  Дуальды жүйенің технологиясы: Кәсіби оқытуды үйретудін ынтасын, білім беру процесінің тиімділігін көтеру. 

Қазіргі таңда  еліміздегі  465 колледж осы жүйемен жұмыс істейді, бұл барлық техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 60 пайызын құрар отыр.   

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Поддержка гражданами политического курса Президента Токаева остается на высоком уровне
  • Ел арасында Президент Тоқаевтың саяси бағытын қолдау жоғары деңгейде сақталып отыр
  • Шымкент қаласында «Келешек мектебі» үлгісіндегі жаңа мектеп іске қосылды
  • Балаларға шипа, ата-анаға сенім сыйлаған дәрігер
  • Дуальді оқыту – кадрлар даярлаудағы жаңа мүмкіндіктер
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер