Аспан дирижерлері

image.png

Олардың еңбегін жолаушылар көзбен көрмесе де сезіне алады. Ия, әуежайдағы аса маңызды қызметтің бірі — әуе диспетчері. Ол жерде отырып, әуе кеңістігіндегі ұшақтың өз бағытынан адаспай жол тауып, қонуына жауап береді. 

Әуе диспетчердің жұмысы — тек монитор бетіндегі карталар мен сызықтарға қарап отыру емес. Сәтті ұшу — ұшақ ұшқышының ғана емес, олардың да еңбегі.

Жұмыста қауіпсіздік әрқашан бірінші орында, әр диспетчер ұшақтың қауіпсіздігіне жауапты, себебі әуе қозғалысының диспетчерлері — аспанның үнсіз күзетшілері. 

Олардың жұмысы әуе кемесінің есіктері жабылып, отырғызу және шығуға арналған жылжымалы баспалдақ алынып, ұшақ ұшуға дайын болғанда басталады.

Дәл осындай жауапкершілігі үлкен мамандықтың иесі – Бақберген Әбенов. Ол Шымкент қаласындағы  әуежайға күнделікті таңғы сағат сегізде келіп, диспетчерлік бөлімдегі жұмысына кіріседі.  Түрлі қызметті бір сәтте бақылап отыратын диспетчерлік бөлімді «әуежайдың миы» деп атайды. Себебі әуежайдың қолайлы жұмысын осы бөлімдегі диспетчер мамандар қамтамасыз етеді.

«Осы бөлімде  Шымкент аэродромына ұшып келетін, ұшын шығатын ұшатқардың қозғалысын барлығын бақылап, басқарып отырамыз. Біздің жұмыс жұрттың көзіне көрінбейді, жолаушылар бізді көрмейді.  Бірақ біздің жұмыс сонысымен құнды деп ойлаймын. Қолайсыз ауа райында, басқа да оқыс жағдайларда біз экипаж мүшелеріне толыққанды көмек береміз. Барлық қажетті ақпаратпен қамтамасыз етіп, олардың аман-есен жерге қонған сәтіне дейін бағыттап отырамыз. Бұл мамандық қателікті кешірмейді.  Жұмыс барысында 100 пайыз зейінімізді жұмысқа аударуымыз қажет. Таңғы 8-де медициналық тексерістен өтеміз. Әр екі сағат сайын ауысып отырамыз. Яғни екі сағаттан артық отыруға болмайды. 15 минут үзіліс жасаймыз. Кешкі  8:45 те жұмыс аяқталады. Диспетчердің жұмысы осылайша  12 сағатқа созылады»,- деген кейіпкеріміз  шұғыл жағдайлардың да орын алып тұратынын жасырмады. 

«Әрине оқыс жағдайлар болып тұрады. Бірде бізден ұшып шыққан ұшақтың әуеде бір қозғалтқышы істеп шықты. Сол сәтте ұшақты  аэдромға кері қайтаруға тура келді. Бір ғана қозғалтқышпен командалық жұмыстың арқасында аман-есен  жерге қондырдық »,- дейді ол. 

  Шымкент әуежайынан тәулігіне 80 ұшақ ұшып, қонады. Экипаж мүшелері мен жолаушылардың аман-есен қауіпсіз жерге оралуы дәл осы диспетчер мамандарының үнсіз ерліктерінің  арқасы. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Поддержка гражданами политического курса Президента Токаева остается на высоком уровне
  • Ел арасында Президент Тоқаевтың саяси бағытын қолдау жоғары деңгейде сақталып отыр
  • Тыл ардагері Қазына Бектемісованың еңбек жолы ұрпаққа үлгі
  • Тыл мамандары – көзге көрінбейтін еңбек иелері
  • Жасыл қаламызды жайқалтқан агроном
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер