Өмірін кітапханаға арнаған жан

image.png

Мемлекет басшысы Қасым-Жомар Тоқаев жастарды кітап оқуға баулу, кітапхана ісін жан-жақты дамыту, жаппай кітап оқитын ұлтқа айналу қажеттігін айтқан болатын. Осы тұста жазушы Әбіш Кекілбаевтың «Адамды адам еткен - кітап, адамзат еткен - кітапхана» деген сөзі ойға оралады. Ендеше, кітапхана рухани қазына ошағы болса, ал кітапханашы оның шырақшысы. Кітапханашы жаһандық дәуірде де сұраныстан түспеген, мәртебесі төмендемеген асыл мамандықтың бірі. Ол – кітап сұраған жанға оқулықты сөреден алып беруші ғана емес, бағыт-бағдар беретін ұстаз. Бүгінде адалдықтың ақ жүгін арқалаған, қоғамның дамуына, жастардың білімді болып қалыптасуына өз үлесін қосып келе жатқан кітапханашылар көп. Солардың бірі -  шымкенттік Аяужан Бакирова. 

33 жылдық еңбек өтілі бар тәжірибелі маман жас буынды кітап оқуға баулып, зейінін арттыруға ат салысып жүр. Ол үшін іс-шара ұйымдастырып, жастарды туынды оқуға тартады. Айтуынша, кітапханашы әмбебап қызметкер. Бір бойынан актер, әнші, ұйымдастырушы, жүргізуші сынды түрлі қабілет табылады. Бұл саланың қызық тұсы да осы, - дейді Аяужан Әмзеқызы. «Біздің міндетіміз оқырманға кітап ұсынумен ғана  шектелмейді. Басты парызымыз қала тұрғындарын, жастарын кітап оқуға баулу, қызықтыру. Сондай-ақ оларға тақырып бойынша қажетті кітаптарды ұсынып, сол кітаптардың мазмұнын ашып беру. Жаңадан келген кітаптармен алдымен өзіміз оқып, танысып шығамыз. Кітапханашы өмір бойы оқумен, ізденумен өтетін мамандық»,- дейді кейіпкеріміз.  

    Кітапханашы Аяужанды оқырмандары жақсы таниды. Қашанда ізетті, жарқын жүзді қызметкер кітапхана табалдырығын аттаған әрбір жанға ізеттілігін шашып, құрметін көрсетуден шаршаған емес. 

    Аяужан Бакирова қызмет ететін орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінің №2 бөлімшесінде 26 мыңға жуық кітап бар. Оның 6 мыңы қазақ тіліндегі оқулық. Сондай-ақ,  мекемеде сирек кездесетін, ескі туындылар қоры да сақталған.  Осындай мол қазынамызды көздің қарашығындай қорғап,  келер ұрпаққа сақтап отырған кітапханашылардың еңбегі адал. 

Кітапқа жақын болған ел әрқашан өз бақталастарынан алда болған. Ғылым мен технология алдыңғы қатарға шыққан қазіргі заманда бұл сөздердің өзектілігі тіпті артты. Ал талай білімнен хабар беретін кітаптардың сандығы – кітапхананың тірегі мен жүрегі саналатын кітапханашылар құрметке лайық жандар!

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте ерікті жастарға арналған эко-экскурсия өтті
  • Жарыстағы жанкештілік
  • Отбасылық дәрігер – денсаулықтың ертеңі
  • Шымкент қаласының дамуы Smart City тұжырымдамасы шеңберінде жүзеге асырылады
  • Развитие города Шымкента будет осуществляться в рамках концепции Smart City
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер