Адам өміріндегі ең басты құндылықтардың бірі. Адал еңбек арқылы адам тек жеке армандарына ғана қол жеткізіп қоймай, елінің өсіп-өркендеуіне де өзіндік үлесін қосады.
Қызығы мен қиындығы мол кітапханашы мамандығы туралы бір ауыз сөзбен жеткізу мүмкін емес, жұрт көп біле бермейтін, көп елене бермейтін, бірақ дүйім оқырманның кітап жайлы бағыт-бағдар алуы үшін жан-тәнімен беріліп қызмет атқарып жатқан кітапханашылардың еңбегі ұшан-теңіз.
Бүгінгі әңгімеміз білім, ғылым, өнер мен мәдениеттің дамуына өлшеусіз үлес қосып келе жатқан мамандық иесі жайлы болмақ. Шымкент қаласының орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінің әдістеме бөлімінің меңгерушісі, бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшесі - Сұлтанбек Раушан қасиетті қазынамызды көздің қарашығындай сақтап, насихаттап, ел игілігіне жаратып жүрген, эстетикалық талғамы бай, ойы зерек, қиялы жүйрік, оқырмандарға білім мен қажетті ақпараттың тиімдісін демдеп беріп отырған, өз ісінің шебері.
(ортада тұрған кейіпкеріміз Раушан Тастанқызы)
Раушан Тастанқызы 1967 жылы 15 шілдеде Түркістан облысы, Бабайқорған ауылында дүниеге келген. 1974-1984 жылдары Бабайқорған ауылындағы «Куйбышев» атындағы орта мектепті тәмамдаған. 1984-1989 жылдары Шымкент қаласындағы Қазақ Химия-Технологиялық институтын бітірген. 1993-1998 жылдары Қазақ Химия-Технологиялық институтында кітапханашы, 2001-2004 жылдары М.Әуезов атындағы ОҚУ кітапханатану және библиография мамандығын алып шыққан. 2001-2002 жылдары Оңтүстік Қазақстан облыстық Гуманитарлық-экономикалық колледжінде кітапханашы болып еңбек жолын бастаған.
2003 жылы ОККЖ кітапханашы қызметіне қабылданды. 2003-2005 жылдары қалалық орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінде №11 кітапхана бөлімшесінің меңгерушісі, өнер секторының меңгеушісі болып қызмет атқарған. 2005-2015 жылдары Шымкент қаласының орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінің жетекші әдіскері болған. 2015 жылдан бастап аталған мекеменің әдістеме бөлімінің меңгерушісі болды. Сондай-ақ, 2009 жылдан бері бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы ретінде қоғамдық жұмыстарды да абыроймен, белсене атқарып келеді. Ұжым арасында беделді, қызметкерлердің мұң-мұқтажына, орынды уәждеріне қашанда құлақ түріп, қолынан келген бар көмегін беруге аянып қалмайды. Кейіпкеріміз бүгінде 1 қыз, 2 ұл, 4 немере тәрбиелеп отыр.