Адам сәні - еңбек

 image.png

Баға жетпес рухани байлықтың бірі – кітап. Ал оны қалың жұртшылыққа жеткізуші – кітапханашы.  Оқырманның сұранысын қанағаттандырып, қызығушылығын арттыратын маман иелері қашан да құрметке лайық.

Кітапханашы мамандығы – мәдениеттің, білімнің маңызды бір бөлігін алып жүрген мамандық. Осындай маңызды ерек жүкті арқалап жүрген маманның бірі - Мырза Сандуғаш Құрманханқызы. Кейіпкеріміз  1980 жылы 5 мамыр айында Түркістан облысы, Арыс ауданы, Ақдала елді-мекенінде дүниеге келді. 1999 жылы «Халықаралық Қазақ Араб» университетіне түсіп, 2005 жылы «Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі» мамандығын тамандады.

2005 жылы Шымкент қаласының орталықтандырылған балалар кітапханалар жүйесіндегі №24 кітапхана бөлімшесіне ІІ категория кітапханашысы қызметіне қабылданды.

2012 жылы Шымкент қаласының орталықтандырылған балалар кітапханалар жүйесінің №6 кітапхана бөлімшесінің меңгеруішісі қызметін, 2023 жылдың ақпан айынан бастап 2024 жылдың ақпанына дейін «Шымкент қаласының орталықтандырылған балалар кітапханалар жүйесі» КММ директорының орынбасары қызметін атқарды.

Қазіргі таңда, Шымкент қаласының орталықтандырылған балалар кітапханалар жүйесі №5 кітапхана бөлімшесінің жоғары дәрежелі кітапханашысы қызметін атқарады.

Сандуғаш заманауи кітапханашылар ақпараттық технологияларды меңгеру, жаңа бағдарламалар мен ресурстарды пайдалану, электронды кітапханалар мен дерекқорлармен жұмыс істеу қабілетіне ие. Өзінің білімін жетілдіріп, кәсіби біліктіліктерін арттыру мақсатында түрлі семинарларға, тренингтерге қатысады.

 Еңбегімен сәнді болып жүрген Сандуғаш Құрманханқызы  жастар мен балалар үшін үлгі боларлық нағыз өз ісінің шебері. Жаңалықтарға ашық, барлық заманауи технологиялар мен процестерді тез меңгеріп, оларды шебер қолдана біледі. Кез-келген іске шығармашылықпен қарайды дейді әріптестері. 

Кітапханашы қызметі — бұл тек кітап жинау емес, сонымен қатар қоғамның білім беру деңгейін арттыру, мәдениетті дамыту және ақпаратты демократизациялау болып табылады. Бұл мамандық  - ұлттық мүдделерді қорғау мен дамытуға, ақпараттық ресурстарға қол жеткізуге және халықтың білім деңгейін көтеруге бағытталған.

Кітапханашыларға деген құрметіміз шексіз. Олар  - қоғамның прогресіне үлес қосып, келешек ұрпақтың білім негізін қалыптастыруда орасан зор еңбек етуде.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте ерікті жастарға арналған эко-экскурсия өтті
  • Жарыстағы жанкештілік
  • Отбасылық дәрігер – денсаулықтың ертеңі
  • Шымкент қаласының дамуы Smart City тұжырымдамасы шеңберінде жүзеге асырылады
  • Развитие города Шымкента будет осуществляться в рамках концепции Smart City
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер