Колледж түлектеріне сұраныс көп

image.png

Таяуда Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжінде жас түлектерге арналған бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті.  Аймақтың кәсіпорындары мен жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің қатысуымен өткен бұл жәрмеңке колледж түлектері үшін үлкен мүмкіндікке айналды. Шақырылған қонақтар жас мамандарға жұмыс орындарын ұсынып қана қоймай, өздерінің өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, еңбек нарығындағы талаптар мен мүмкіндіктер жайлы пайдалы ақпараттармен бөлісті.

Сұлухан Мателеева биыл колледжді  бітірді. Ол оқу модельер пішуші мамандығы бойынша білім алған. Бүгінгі бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне қатысып, жұмыс іздеп келіпті. Болашақта өзінің жеке сән үйін ашуды армандайды.

 «Бүгінгі біздің ірі кәсіпорындар мен орта бизнес иелері келіп отыр екен. Және де жұмыс орындары өз мамандықтарын ұсынуда. Мен өз мамандығым бойынша жұмыс таңдап орналасамын деген ойдамын. Менің мамандығым модельер пішуші болғандықтан киімді өзіміз тігеміз. Дизайнын өзіміз дайындап суретінде эскизін де барлығын өзіміз дайындаймыз. Соған қарасты мен тігінші немесе модельер мамандығы бойынша жұмысқа орналасамын деп ойлаймын. Яғни дизайнер бойынша»,- дейді ол. 

Ал тігін фабрикасының директоры Клара Санжарова дәл осы колледждің 1983 жылғы түлегі. Оқу аяқтаған соң тігін саласында еңбек етіп, бүгінде өңірдің ілгері фабрикасын басқарып отыр. Сондай ақ ол колледжде өтетін бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне үнемі қатысады. Маман іздейді.

 «Бүгінгі жастар жәрмеңкесінің болуы біз үшін, жұмыс берушілерге өте тиімді. Жастарға ұсынып жатқанымыз « Жастар практикасы» бағдарламасы бойынша  жұмыс орындар бар. Қабылдай аламыз. «Альянс» фабрикасы көйлек пен арнайы киім тігеміз. Осы жеңілөнеркәсіп және сервис колледжінен біздерге дуалды система бойынша бірінші курстан үшінші курсқа дейін оқушылар практикаға барып тұрады. Біз 50 тігінші, 10 дизайнер, 2 технолог конструкторға тапсырыс  бергенбіз. Бүгін көреміз. Бағымыз жанып жатса қажетті мамандарды табамыз»,- дейді  аталған тігін фабрикасының директоры. 

Іс-шара түлектердің болашақ маман ретінде сенімді қадам жасауына, жұмыс берушілермен тікелей байланыс орнатуына септігін тигізді. Бұл жәрмеңке – колледж бен өндіріс орындары арасындағы ынтымақтастықтың тағы бір жарқын көрінісі.

Айта кетейік, колледж  30-дан астам кәсіпорынмен тығыз байланыс орнатқан. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкент қаласының дамуы Smart City тұжырымдамасы шеңберінде жүзеге асырылады
  • Развитие города Шымкента будет осуществляться в рамках концепции Smart City
  • Официальный визит Президента К.Ж.Токаева в Китайскую Народную Республику завершился
  • Президенттің 2024 жылғы Жолдауы: елімізде цифрлық экожүйе қалай қалыптасып келеді
  • Жолдау-2024: тұрақты өсу, жасанды интеллектіні дамыту және білім беру бастамалары
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер