Қаланың әр бұрышында оның қолтаңбасы бар

image.png

Оңтүстік өлкеге кеңінен танылған сәулетші Асқар Мамырбаев  Шымкент қаласы үшін шырылдап, оның дамуы мен көркеюіне бір кісідей үлес қосып жүрген жан. Оның қолтаңбасын қаланың көптеген сәулеттік ескерткіштерден, ғимараттардан көре аламыз. Талантты, білімді, тәжірибелі маманның қолынан шыққан дүниелер өзіндік стилімен ерекшеленеді. Композициялық туындылары адамға өзгеше ой салады. 

Асқар  Мамырбаев 1957 жылы 18 ақпанда Сарыағаш ауданына қарасты Келес өңірінің Ақтөбе ауылдық округіндегі Қаратөбе ауылында жарық дүниеге келген. Алматыдағы Қазақ политехникалық институтының сәулетшілер дайындайтын факультетін бітірген. Шымкенттегі «Южгорсельпроект» жобалау институтында сәулетші, сәулетшілер тобының жетекшісі, Еңбекші ауданының сәулетшісі, қалалық сәулет басқармасының бөлім бастығы, қалалық әкімдіктің қала дизайны басқармасының бастығы, қаланың бас сәулетшісінің орынбасары, облыстық құрылыс, сәулет және аумақтарда құрылыс салу басқармасында бас маман қызмет істеді.

«Шымкент қаласының байырғы тұрғыны ретінде қаланы жақсы кө¬ре¬мін. Ал қызмет баспалдағым сәу¬лет-шілік-құрылыспен тікелей бай¬ланысты болғандықтан шаһардың әрбір бейнесі, келбеті мен үшін ыстық. Мұндағы көп¬теген дүниелер өз қо¬лым¬нан шыққан. Сондықтан дәл қа¬зіргі қаладағы әрбір өзгеріске, құры¬лысқа ерекше мән беріп қарап оты¬рамын»,- деген сәулетші сегіз сырлы бір қырлы азамат. Ол қолындағы қаламын тек жобаларды сызуға ғана емес өлең жазуға да арнады.  

«Иә, өлең жазумен шабыт келгенде ғана айналысамын. Бүгінде жергілікті әншілердің орындауында айтылып жүрген 20-дан аса әнім бар. Ал менің сөзіме жазылған 30 шақты ән бар. Бір жылдары шығармашылық кеш те өткізгенмін. Ән жазу қызығушылық ғана, оған арнайы уақыт бөлмеймін»,- дейді кейіпкеріміз.

Жастайынан еңбекке араласып, шаһардың ірі жобаларын жүзеге асыру жолында аянбай тер төккен Асқар ағамыз Бүкілодақтық Лениншіл Жастар Одағы Орталық Комитетінің және Қазақстан ЛКЖО Орталық Комитетінің Құрмет грамоталарымен марапатталған. Жастардың Бүкілодақтық ғылыми техникалық байқауының лауреаты. Республикалық «Жігер» фестивалінің дипломанты,  ҚР құрметті сәулетшісі, «Шымкент қаласы сәулетшілер қауымдастығы» қоғамының төрағасы. 

Биылғы қала күні мерекесі қарсаңында Асқар Смайылұлының « Шымкент қаласының Құрметті азаматы» атануы оның талай жылдық адал еңбегінің нәтижесі деп білеміз.

 Бүгінде Асқар ағамыз  жас сәулетшілерді тәрбилеп жүрген ұлағатты ұстаз.  М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

«Сәулет, құрылыс және көлік» факультеті, «Сәулет және қала құрылысы» кафедрасының аға оқытушысы қызметін абыроймен атқарып жүрген жайы бар. Осылайша Шымкент қаласының көркеюіне үлес қосқан ұстаз елімізде отандық ғылымды дамыту және сапалы маман даярлауға да  өз үлесін қосып келеді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Болашақ энергетиктерге қамқорлық жасап отырған зауыт
  • Өндіріс орындары мен колледждер арасындағы ынтымақтастық күшеюде
  • Ұлттық өнімдерді сыртқы нарықта кеңінен таныстыру – елді әлемге танытудың бір жолы
  • Өскелең ұрпақтың бақыты мен берекелі өмірі – ортақ мақсат
  • Қомақты инвестициясыз өркендеу жоқ
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер