Оқушылар еңбек етіп жүр

image.png

Еңбек тәрбиесі - тәрбиеленушілердің жалпы еңбектік біліктері мен қабілеттерін, еңбекке психологиялық дайындығын дамытуға, еңбекке және оның өнімдеріне жауапкершілікті қатынасты қалыптастыруға, мамандықты саналы таңдауға бағытталған тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің бірлескен іс-әрекеті. Еңбек тәрбиесі — жасөспірімдерді еңбекқорлыққа , еңбекті құрметтеуге, еңбек мәдениетін үйренуге бейімдеп, олардың еңбек ету шеберлігі мен дағдысын қалыптастыруға бағытталған тәрбиенің бір саласы. 

Осы орайда Шымкентте жазғы демалыста тек әлеуметтік желіге телміріп, компьютер ойынын ойнап қана емес пайдалы іспен айналысуды мақсат еткен оқушылар аз емес. Олардың қатарында Серікбол Нұрдәулет те бар. Ол ағаш рет еңбекке араласып, көгалдандыру жұмыстарында тер төгіп жүр. Серікбол Шымкент қаласындағы №9 мектептің  10-шы сынып оқушысы. Жазғы демалысын бос өткізбей, қоғамдық жұмысқа орналасқан. Жас болса да жауапкершілігі жоғары, еңбекқор бозбала қалалық әкімдік ұсынған  жазғы жұмыс бағдарлдамасы арқылы жұмысқа тұрғанын айтады.

«Мектепте қажетті киім-кешегімді, оқу құралдарын өзім еңбектеніп ақша тауып сатып алғым келді. Ата-анамаға қолғабыс етіп, көмектескім келді. Әрине, олар өздері де сатып алып берер еді. Бірақ біз қазірден еңбекке араласпасақ, кейін жалқаулыққа бой алдыруымыз мүмкін. Маған жазғы жұмыс өте қатты ұнады. Жұмысымыз  аса қиын емес. Айына 85 мың теңге жалақы алып отырдым. Қаланың көгалдардыру саласына үлесімізді қосқаныма, тазалығына араласқаныма өте қуаныштымын. Мен бұл жерден жаңа достар таптым. Ең бастысы мен еңбектенуді үйреніп, осы сала мамандарының қадірін ұғынғандаймын»,- дейді мектеп оқушысы.

ҚР Еңбек кодексіне сәйкес 14 жастағы жасөспірімдер ата-анасының рұқсатымен денсаулығына зиян келмейтін, оқу процесіне кедергі келтірмейтін жұмыстарға орналасуға құқылы. Жасөспірім күніне 5 сағаттан артық жұмыс істемедік дейді. Бұл заңде бекітілген талап. Жасөспірімдердің жұмыс күні таңғы сағат 8:00-де басталып, түскі 12:00 аяқталады. 

«Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев  биыл «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялауына байланысты  мектебімізде 14 жастан  асқан балаларды қоғамдық жұмысқа қабылдадық. Біздің мектепке 5 бала келіп жұмыс жасады. Бізге көмектесіп, өте жақсы еңбек етті. Мектептің айналасын, ауласын тазалауға, одан бөлек мұрағаттағы құжаттарды реттеуге ат салысты. Балаларға өте ризамын. Күн сайын жұмыстарына қалмай келіп, 5 сағат жұмыс істеп кетеді »,- дейді  №9 ІТ лицейі директорының шаруашылық жөніндегі орынбасары Жанат Бигельдиева. 

    Жасөспірімдердің еңбек етуі  республикада  қолдау тауып отырған үрдіс. Қазір елімізде «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасы»  аясында оқушылар мен жастарға  уақытша жұмыс орындары ұсынылып отыр. Бұл тек материалдық табыс емес еңбек нарығымен ерте танысудың, еңбекке баулудың  тиімді жолы. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Болашақ энергетиктерге қамқорлық жасап отырған зауыт
  • Өндіріс орындары мен колледждер арасындағы ынтымақтастық күшеюде
  • Ұлттық өнімдерді сыртқы нарықта кеңінен таныстыру – елді әлемге танытудың бір жолы
  • Өскелең ұрпақтың бақыты мен берекелі өмірі – ортақ мақсат
  • Қомақты инвестициясыз өркендеу жоқ
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер