Педагогикалық мамандықтарға 22 арнайы грант тағайындалды

image.png

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы педагогикалық университетінде Білім күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Жаңа оқу жылының басталуына арналған мерекелік жиында ұстаздар мен студенттер бас қосты. Шараға арнайы қатысқан Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Абайұлы құттықтау сөз сөйлеп, білім ордасының ұстаздары мен студенттеріне жаңа жетістіктер мен табыс тіледі. Сондай-ақ, жас буынға сенім артылып, болашақ мамандардың еліміздің дамуына қосар үлесі зор екені айтылды.

2025-2026 оқу жылында Өзбекәлі Жәнібеков атындағы педагогикалық университетіне барлығы 3000-ға жуық студент қабылданды. Оның ішінде 2400-ден астам жас бакалавриатқа, 296 студент магистратураға, 40-ы докторантураға оқуға қабылданған. Биылғы қабылдауда 1196 «Алтын белгі» иегері мен 285 үздік аттестат иегері білім ордасының студенті атанды.

«Құрметті студенттер, сіздер – еліміздің болашағысыздар! Сол себепті  жақсы, сапалы білімге, ғылымға  қол жеткізулеріңіз керек. Заманға ілескен, техниканы меңгерген маман болыңыздар. Президентіміз үнемі білім саласына  үлкен көңіл бөліп келеді. Сондықтан осындай мүмкіндіктерді пайдаланып, биік шығдарды бағындыра беріңіздер. Мықты маман болыңыздар!»,- деді Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Абайұлы құттықтау сөзінде.

Университетте 40 бакалавриат, 22 магистратура және 13 докторантура бағдарламасы жұмыс істейді. Қазір мұнда 80 мыңға жуық студент білім алуда. Оқытушылар құрамының 52 пайызы ғылыми дәрежесі бар мамандар, 18 ғылым докторы, 373 ғылым кандидаты және 31 философия докторы.Университет жалпы рейтингте еліміз бойынша 8-орында, ал педагогикалық бағытта 2 орында тұр.

«Биыл бізге қабылданған студенттердің 20 пайызы үздік, көшбасшы жастар. Біз болашақ мұғалімдерді даярлайтын оқу орны болғандықтан  шәкірттемірімзге тек сапалы білім ғана емес ұлттық тәрбие береміз»,-  оқу орнының проректоры Баршагүл Исабек. 

Әкімдік грантының иегері атанғандардың қатарында Айкен Мақсатқызы да бар. Ол биыл алғаш рет студент атанып, арманын жүзеге асыру жолында үлкен қадам жасады. Қолдау тапқан студент енді білімін тереңдетіп, кәсіби жолын нық бастауға ниетті.

«Маған осындай мүмкіндік ұсынып, грант берген қала әкіміне айтар алғысым шексіз. Оқуымды үздік тәмамдап осы қара шаңырақта болашақ педагогтарды даярлау ісіне үлесімді қосуға уәде беремін»,- дейді ол.

Іс-шарада университеттің жетістіктері атап өтіліп, студенттерге жылы лебіздер жолданды. Университет жастары мерекелік концерт қойып, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Айта кетейік, биыл Шымкент қаласы әкімдігі 285 білім грантын бөлсе, өткен жылы бұл көрсеткіш 129, биылғы оқу жылында әкімдік тарапынан тек педагогикалық мамандықтарға 22 арнайы грант тағайындалды. Сонымен бірге мемлекет тарапынан 572 грант қарастырылып, жас мамандарға үлкен қолдау көрсетілді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ұлттық өнімдерді сыртқы нарықта кеңінен таныстыру – елді әлемге танытудың бір жолы
  • Өскелең ұрпақтың бақыты мен берекелі өмірі – ортақ мақсат
  • Қомақты инвестициясыз өркендеу жоқ
  • Сұраныстан түспеген маман
  • Шымкентте мемлекет басшысының жолдауын талқылау жөніндегі кеңес өтті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер