Шымкент қаласының әкімі Әлем және Азия чемпиондарымен кездесті

image.png

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Әлем және Азия чемпиондарымен кездесті. Мақтаныш пен шабытқа толы атмосфера аясында спортшылар алған әсерлерімен бөліссе, қала басшысы олардың тамаша жетістіктерінің бүкіл ел үшін маңызды  екеніне  тоқталды. 

Айта кетейік, Ливерпульде өткен бокстан әлем чемпионатында  ерлер мен әйелдер арасындағы бәсекені қоса есептегенде Қазақстан құрамасы жеті алтын, бір күміс, екі қола медаль жеңіп алып, тарихи жетістікке жетті. Бұл рекорд қазақстандық спорттың шежіресіне енеді. Ал байрақты бәсекеде Өзбекстан құрамасы (6-2-3) екінші, Үндістан құрамасы (2-1-1) үшінші орын жеңіп алды.

Кездесу барысында ағайынды Сабырхандарға арнайы алғыстар айтылды. Махмұд тұғырдың ең биік сатысына екінші рет көтерілсе, небәрі 19 жастағы інісі Төрехан тұңғыш рет әлем чемпионы атанып, төл тарихта қалды.

Осылайша бір отбасынан шыққан екеуі алғаш рет бірге жарысқа қатысып, алтын жеңіл алды. 55 келіде Махмұд финалда испаниялық Рафаэль Лозанодан басым түсті. Финалдан соң ол "жеңісіме әлі қуанып тұрған жоқпын. Алда Төреханның жекпе-жегі" деген еді. Ал 70 келіде бокстасқан Төрехан финалда жапон Сэвон Окадзаваны (IBA ұйымдастырған 2021 жылғы әлем чемпионы, 2022 жылғы Азиада чемпионы, Токио олимпиадасының қатысушысы) жеңді.

Махмұд жүлдесін қолына алған соң "Англияға келерде інім екеуміз де алтын алып тарих жасағымыз келген еді" десе, Төрехан "не айтарымды білмеймін, толқып тұрмын, бір үйден екі алтын алдық. Бұл тарихты жалғастырамыз" деген еді.

Шымкент спортында өзге де жетістіктер жетерлік. Бангкок қаласында өткен жастар арасындағы Азия чемпионатында Санжар-Әли Бегалиев алтын алса, тоғызқұмалақтан үш дүркін әлем чемпионы Ғалымжан Темірбаев Абайдың 180 жылдығына арналған турнирде және үш дүркін әлем чемпионы Жұмажан Қожамбеков әскерилер арасындағы қазақ күресінен чемпион атанып, шеберлік көрсетті. 

«Ерік-жігер, тәртіп пен спортқа деген адалдық осындай нәтижелерге жетелейді. Спортшыларымыздың жетістіктері жастарды шабыттандырады және Қазақстанның әлемдік аренадағы беделін нығайтады», - деді қала әкімі.

Жеңімпаздарға демеушілер есебінен автокөліктер табысталды. Жиын соңында қала басшысы чемпиондарды құттықтап, бапкерлері мен тәлімгерлеріне алғысын білдіріп, жаңа жетістіктер мен жарқын жеңістер тіледі.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мемлекет басшысы: «АҚШ уранның орта есеппен 24 пайызға жуығын біздің елден импорттайды»
  • Президент: «Қазақстан өзінің энергетикалық ресурстарын экспорттау бағыттарын әртараптандыруды көздей
  • Мемлекет басшысы Американың бизнес өкілдерімен өткен «дөңгелек үстел» отырысында сөз сөйледі
  • Инновациялық қаржы жүйесі мен киберқауіпсіздік – басты міндет
  • Встреча акима Шымкента с чемпионами мира и Азии
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер