Науқасқа жанашыр медбике

Изображение WhatsApp 2025-09-23 в 17.14.54_bfb5c798.jpg        

     2024 жыл елімізде ерекше мәнге ие болды. Ел Президентінің бастамасымен жарияланған «Жұмысшы мамандықтар жылы» қарапайым, бірақ аса маңызды мамандардың еңбегін дәріптеуге арналды. Бұл бастама қоғамдағы әрбір маманның еңбегі бағалы екенін көрсету, олардың адалдығын және кәсібилігін елге таныту мақсатында жасалды. Медицина саласында еңбек етіп жүрген адамдардың еңбегі сол бастаманың жарқын көрінісі. Солардың бірі 36 жылдық тәжірибесі бар, жоғары санатты медбике Мамлакат Шадиметова.

       Мамлакат Шадиметова 1964 жылы 16 қарашада Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Сайрам ауылында дүниеге келген. 1985 жылы Шымкент медициналық училищесін «Мейіргерлік іс» мамандығы бойынша тәмамдап, кәсіби жолын бастады. «Мейіргер боламын» деген бала кезден арман оны еңбектің қарапайым, бірақ ең жауапты саласына жетелеген.

      Еңбек жолын №1 балалар бірлескен ауруханасында медбике қызметінен бастаған Мамлакат Шадиметова кейін Сайрам аудандық ауруханасында және Тассай фельдшерлік пунктінде тәжірибе жинады. Ол әрқашан өз ісіне шынайы беріліп, науқасқа шын жүректен көмек көрсетуді басты қағида еткен. «Науқасқа қарап, жүрегіңмен сезінуің керек. Мейірімсіз берілген дәрігерлік көмек жартылай ғана нәтиже береді» дейді ол.

      1996–2001 жылдары «Интеркомшина» акционерлік қоғамының емханасында терапия бөлімінде қызмет атқарды. Ал 2005 жылдан бүгінгі күнге дейін Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының №3 қалалық ауруханасының жан сақтау бөлімінде анестезия медбикесі ретінде жұмыс істеп келеді. Бұл бөлімде әр минут шешуші, әр қадам жауапкершілікті талап етеді. Мамлакат Шадиметованың кәсібилігі мен сабырлығы әрдайым ауыр халдегі науқастардың өмірін сақтауға септігін тигізді.

      2020–2021 жылдары COVID-19 пандемиясы кезінде ол нағыз ерлік көрсетті. Қорғаныс киімімен, тәулік бойы ауыр науқастарға көмек көрсетіп, олардың өмірін құтқаруға атсалысты. «Күн-түн демей, науқасқа бар күшіммен көмектескен сәттерімді ешқашан ұмытпаймын. Сол кезде әрбір өмір  біз үшін басты мұрат» деп еске алады Мамлакат Шадиметова.

      Мамлакат Шадиметова тек тәжірибелі маман ғана емес, сонымен қатар ұжым арасында сыйлы, әріптестеріне үлгі болатын тұлға. Ол жас медбикелерді тәрбиелеп, тәжірибесін бөлісуден жалықпайды. Оның сөзінше, кәсіби тәжірибе мен адамгершілік бір-бірінен бөлінбейді. «Жас маманға ең бастысы жүрегіңмен көмек көрсетуді үйрету. Біз тек дәрігер емес, өмір сақтаушы мамандармыз» дейді ол.

       Жұмысшы мамандықтар жылы дәл осындай еңбек иелерін насихаттау үшін жасалған жыл. Медбикелердің еңбегі дәрігерлердің ең сенімді тірегі, ал Мамлакат Шадиметова сияқты шын берілген мамандар денсаулық сақтау саласын биікке көтеріп келеді. Бұл саланың артында адам тағдыры мен өмірі жатыр. Сол өмір үшін күресіп жүрген адал еңбектің қадірі өлшеусіз. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мемлекет басшысы: «АҚШ уранның орта есеппен 24 пайызға жуығын біздің елден импорттайды»
  • Президент: «Қазақстан өзінің энергетикалық ресурстарын экспорттау бағыттарын әртараптандыруды көздей
  • Мемлекет басшысы Американың бизнес өкілдерімен өткен «дөңгелек үстел» отырысында сөз сөйледі
  • Инновациялық қаржы жүйесі мен киберқауіпсіздік – басты міндет
  • Встреча акима Шымкента с чемпионами мира и Азии
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер