Жаңашылдыққа жаны құмар өрт сөндіруші

image.png

Өрт сөндіруші қызметі әлемдегі ең қауіпті, әрі нағыз ер азаматтарға тән мамандық. Күн сайын өлім мен өмірдің арасында арпалысып жүрген батырлардың құрал-саймандары қашанда сақадай сай болуы тиіс. Себебі, бұл іс сәл мүлт кетуді кешірмеуі мүмкін. Роман Александрович Письменский - Шымкент қаласындағы мамандандырылған жасақ бастығының көмекшісі азаматтық қорғау майоры, азаматтық қорғау органында 2010 жылдан бері қызмет атқарады. Жалпы еңбек өтілі 14 жыл. 

Роман Александрович Письменский Көкшетау техникалық институтын үздік тамамдап, тұңғыш президент Н.Ә. Назарбаевтың қолынан алғашқы шенін алып, еңбек жолын 2014 жылы Түркістан облысы Созақ ауданындағы №11 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы болып бастайды. Қызметке алғаш қадам басқаннан-ақ ол өзінің өжеттілігін танытып, жақсы жағынан көрінді. Бас маман, бөлім бастығының орынбасары лауазымдарында қызмет атқарды. Мемлекеттік тілді жетік меңгеріп, облыстық, республикалық деңгейдегі «Мемлекеттік тіл менің тілім», «Полиглот», «Тіл шебері», «Мемлекеттік тіл-Тәуелсіздік символы» атты сайыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Өрт сөндірушілердің өртті сөндіру барысындағы қызметін насихаттау мақсатында, заманауи талаптағы «ЭКШН камераны» қолдана отырып оқиға орнынан, өз өміріне төнген қатерге қарамастан ең басты байлық-адам өмірін құтқару жолында аянбай еңбек етіп жүрген өрт сөндірушілердің қызметін көрсете алатын ең әсерлі бейнематериалдарды бірінші тұлғаның атынан түсіруді елімізде алғашқы болып қолға алған жас маман.Сондай-ақ өз қызметінде де кәсіби деңгейінің жоғары екендігін дәлелдеп, қала аумағында орын алған «Шымкент МұнайӨнімдері» мұнай базасында, «Гараж» ресторанында, сондай-ақ басқа да орын алған өрттер кезінде өзінің кәсіби шеберлігімен көзге түсе білді. Ол 2022 жылы 2 баланың өмірін тілсіз жаудан құтқарып қалып, өзінің батылдығын танытты. 

Құрылысы бітпеген ғимараттың жер төлесінде отпен ойнап, өрт шыққан соң сыртқа шыға алмаған балалар «112» құтқару қызметіне көмек сұрап хабарласады. Тез арада өрт сөндіру бөлімшесі оқиға орнына келіп, көк түтінге оранған жер төлеге Р.Письменский бастап кіріп, дер кезінде түтінге тұншығып, естерінен танып қалған балаларды тауып, қауіпсіз аймаққа алып шығады, алғашқы медициналық көмек көрсетеді. Осылайша балалардың өмірін алып қалады. Балалардың ата-анасы өз алғыстарын білдірді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жасөспірімдер архивтік құнды құжаттармен танысты
  • Шымкенттің стилі мен жайлылығын жасайтын колледж
  • Кітапхана саласының үздіктері марапатталды
  • Логист маманы - зауыт пен тұтынушы арасындағы алтын көпір
  • Еңбегімен ортасына сыйлы болған маман
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер