Зауыттың көркін қыздырған маман

image.png

     Мемлекеттің гүлденуі, қоғамның дамуы әр адамның өз ісіне деген жауапкершілігі мен сүйспеншілігіне және ақ-адал еңбегіне байланысты. Сол себепті де Президент пәрмен беріп, биылғы жылды – «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялады. Мемлекет басшысы: «Біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз! Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек», – дегенді шегелеп айтты.

Шындығы сол – адамды адам еткен – еңбек!  «Жаңа Қазақстанда» еңбек адамын – қоғамның локомативі деп таныту, еңбекқор адамдар мен кәсіби білігі жоғары мамандарды жас ұрпаққа үлге етіп көрсету тенденциясы қалыптасып келеді.

      Зауыт – бұл ондаған, жүздеген жұмысшы мамандардан құралған нағыз еңбектің ордасы. Бір бұйымды өндіру үшін мұнда бірнеiе маман тер төгеді. Сондықтан жұмысшы мамандар – өндіріс орнының тірегі әрі жүрегі саналады. Темірден түйін түйген  ұста Бақберген Тұрғанбаев та зауыттың көркін қыздырып жүрген маманның бірі. Шымкент қаласындағы  «Dala-construction.kz» құрылыс материалдарын өндіретін кәсіпорында темір бұйымдарын жасаушы болып жұмыс істейді. Бала күнінен ұсталыққа жақын болған ол өз мамандығын жақсы көретінін айтады. Аталмыш зауытта еңбек етіп жүргеніне 3 жыл уақыт болыпты. Кәсібінен  нәсіп тауып жүрген кейіпкеріміз адал еңбегінің арқасында бала шағасын асырап отыр.

«ТЖК станокта жұмыс істеймін.  Бұл станок арматурадан   көпқабатты тұрғын үйдің құрылысына қажетті хомут  шығарады. Станокта жұмыс жасау аса қиын емес. Тілін меңгеріп алсаң болды. Тек қателеспеу қажет және  техникалық  қауіпсіздікті сақтасаң болды.   Жұмысым таңғы сағат 8-де басталады, түскі асымызды береді. Кешкі 5-те жұмысымыз аяқталады. Айлық жақсы,  уақылы береді. Зауытта әр маманның өзіне жүктелген міндеті, жауапкершілігі бар. Әр адам өз ісін мінсіз атқарса, зауыттың жұмысы тоқтамайды және өнімнің сапасы жоғары болады. Сондықтан зауыттағы жұмыс бұл ұжымдық, командалық жұмыс деп атар едім»,- дейді  «Dala-construction.kz» зауытының жұмысшысы Бақберген Тұрғанбаев. 

     Зауыттың  бір ерекшелігі өндіріс орнына  келген жас мамандарды аға буын өздері кәсіпке машықтап алатын көрінеді.  Кәсіпорын қызметінің негізгі бағыты – темірбетон бұйымдары мен құрылыс жылытқыштарын және заманауи қоршау жүйелерін шығарады. Зауыт жылына 14 мың тонна темірбетон, 20 мың шаршы метр жылытқыштар мен 12 мың шаршы метр қоршау жүйелерін өндіріп келеді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Кітапхана саласының үздіктері марапатталды
  • Логист маманы - зауыт пен тұтынушы арасындағы алтын көпір
  • Еңбегімен ортасына сыйлы болған маман
  • Зауыттың көркін қыздырған маман
  • Мемлекет басшысы: «АҚШ уранның орта есеппен 24 пайызға жуығын біздің елден импорттайды»
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер